Текст страницы
Басқару панелі
Твердый – қатты, средний – орташа, мягкий – жұмсақ
Микс – аралас, овощи – көкөністер, смузи – смузи, гранат –
анар, ореховое молоко – жаңғақ сүті, очистка – тазалау;
Меню-Мәзір, Старт – Бастау, Вкл/Выкл – Іске қосу/Сөндіру;
- Құрылғыны іске қосу/сөндіру батырмасы.
Шырынсыққыштың электр желілік баусымын электр желісіне жалғастырып қосқан соң, құрылғының
дыбыстық сигналы естіледі, содан кейін оның басқару панеліндегі Іске қосу/Сөндіру батырмасы қызыл
түспен жылт-жылт етіп жанып, жыпылықтай бастайды, сол сәтте құрылғы күту режиміне ауысады.
Құрылғының басқару панеліндегі Іске қосу/Сөндіру батырмасын басқан кезде бұл батырмасының
үздіксіз жыпылықтануы аяқталып, оның жыпылықтаған күйі тұрақты жарыққа ауысып, жай ғана қызыл
түспен жанады, сонымен қатар, бұл ретте оның басқару панеліндегі қатты жидек-жемістер мен
көкөністердің түрлерін өндеп, шырын сығып шығару бағдарламасының индикаторы жыпылықтай
бастайды. Құрылғы пайдалануға дайын.
Шырынсыққышты сөндіру үшін құрылғының басқару панеліндегі Іске қосу/Сөндіру батырмасын
қайтадан тағы бір рет басыңыз, сол сәтте құрылғының дыбыстық сигналы естіледі және шырынсыққыш
«Реверс» режимінде 5 секунд жұмыс істегеннен кейін сөнеді.
- Құрылғының жұмыс бағдарламаларын таңдау батырмасы.
Құрылғының басқару панеліндегі «Мәзір» батырмасын қолдана отырып, оны қайта-қайта басу арқылы
құрылғының жұмыс бағдарламаларын “Қатты” – “Орташа” жидек-жемістер мен көкөніс өнімдерін
өндеп шырын сығып шығару бағдарламадан бастап --- “Тазалау” бағдарламаға дейін біртіндеп таңдап
алуға болады.
- БАСТАУ батырмасы.
Мәзір арқылы таңдалған бағдарламада құрылғыны іске қосып, оның шырынды сығып алу үдерісін
бастау үшін Бастау батырмасын бір рет ғана басып жіберіңіз. Бастау батырмасын тағы бір рет басу
арқылы құрылғыны ҮЗІЛІС режиміне ауыстыруға болады. ҮЗІЛІС режимінен шығу үшін Бастау
батырмасын тағы бір рет басыңыз.
30