Инструкция соковыжималка электрическая Polaris PSJ 0601

Страница 40 (стр. 40 из 44)

Бренд: Polaris

Страница 40 документа Соковыжималка электрическая Polaris PSJ 0601. Раздел: Соковыжималки. Бренд: Polaris.

Текст страницы


Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, дене қабілеттігі
шектеулі, сенсорлық қабілеттілігі төмен, яғни сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейі кем, сондай-
ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі мен тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар немесе
жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол
бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Назар аударыңыз! Бұл құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.

Бұл құрылғыны тек ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас
бұрын, құрылғының техникалық сипаттамаларында көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің
үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.

Бұл құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен
ұзартқыш не жалғастырғыш құрылғыны және үшжақты жалғаулық секілді үшайыр бiрiктiргіш
қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.

Құрылғының электр желілік баусымның ашасын электр желіге жалғастырып қоспас бұрын, оның
сөндірілген күйінде екеніне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны бөлмеден тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан
сақтаңыз. Құрылғы және оның электр желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары
температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне
және
ылғалға
ұшырамайтындай
етіп,
яғни
оның
зақымдалуына
әкелетін себептерін
болдырмайтындай етіп, сақталуы керек, (құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа да кез
келген сұйықтыққа батырып салуға мүлдем болмайды). Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған
құрылғыны ылғал қолмен ұстауға болмайды. Құрылғы дымқылданса, оның электр желілік
баусымның ашасын бірден электр желісінен ажыратып алу қажет.

Құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оның электр желілік баусымның ашасын бірден электрлік
қоректену желісінен ажыратыңыз. Сонымен, бұл кезде қолды суға малуға мүлдем болмайды.
Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.

Құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін және оны тазартпас бұрын немесе құрылғы сынып,
істен шыққан жағдайда, сондай-ақ, құрылғының керек-жарақтарын не бөлшектерін орнатпас
бұрын, құрылғыны әрдайым сөндіріп, оның желілік баусымның ашасын электр желісінен
ажыратыңыз.

Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылығыны қадағалаусыз қалдырмаңыз.

Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.

Құрылғыны электр желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, құрылғыны
оның электр желілік баусымнан ұстап тартқылап, электр желісінен ажыратуға тыйым салынады.
Шырынсыққыштың электр желілік баусымын электр желісінен ажыратқан кезде, тек қана оның
ашасынан ұстаңыз.

Әр жолы құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін, оның электрлі қоректендіргіш баусымын
құрылғыға айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның үзілуіне әкеп
соғуы мүмкін. Қашанда құрылғының электрлі қоректендіргіш баусымын дұрыс сақтау үшін оны
жақсылап тарқатыңыз.

Құрылғының электр желілік баусымын тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының
қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын техникалық біліктілігі жоқ немесе
біліктілілігі төмен деңгейдегі маман тарапынан, сондай-ақ, жоғарыда аталған техникалық білікті
мамандарының санатына жатпайтын тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-
қатерге ұшыратуы мүмкін.

40

Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Соковыжималки

BRAYER 1702BR

40 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Соковыжималки

BRAYER 1702BR

40 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Соковыжималки

Kitfort КТ-1158

20 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Соковыжималки

Kitfort КТ-1162

20 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Соковыжималки

Kitfort КТ-1162

20 стр.