Текст страницы
33
Бір кір жуу циклының ұзақтығы:
алдын ала жуу
4 мин
негізгі жуу
6 мин
шаю 1
2 мин
шаю 2
1,5 мин
шаю 3
1,5 мин
Жуу және шаю кезінде судың температурасы матаның түріне сәйкес
келуі тиіс. Киімнің заттаңбасындағы өндірушілердің ұсынбаларына құлақ
асыңыз.
Бояу таралып кетпеуі үшін ақ түсті киімді түрлі түсті киіммен бірге
жууға болмайды. Қатты ластанған кірді ең соңынан жуыңыз. Машинаға
киімдерді бір-бірлеп салыңыз. Киімнің ішінде ауа қалып қоймағанына
назар аударыңыз,өйткені ауамен бетіне қалқып шығуы мүмкін. Бактың
қақпағын жабыңыз. Желілік баудың ашасын розеткаға қыстырыңыз.
Жуу таймерін қажетті жуу ұзақтығына келтіріп бұраңыз. Жуып болғаннан
кейін ол электр қозғалтқышының қуатын автоматты түрде ажырата-
ды. Машинаны белгіленген уақыттан бұрын сөндіру үшін таймерді сағат
тіліне қарсы бұрап, нөл қалпына келтіру қажет. Жұмыс істеп тұрған кез-
де киім белгілі бір ырғақпен айналып тұруы тиіс. Активатор айналып
тұрған кезде жақтауының аймағында киімнің айналуының 10 секундтай
кідіруі машинаның қалыпты жұмысының белгісі емес. Егер кір айналмаса,
бактағы кір дұрыс айналуы үшін бір-екі артық киімді алып тастаңыз.
! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кір жуу ұзақтығын машинаны жартылай жұмыс циклына қосу арқылы
кірдің ластану дәрежесіне байланысты қысқартуға болады.
Қатты ластанған кірді қайта жуу ұсынылады. Киімнің мерзімінен бұрын
тозуын болдырмау үшін жуу ұзақтығын көрсетілген уақыттан артық
ұзартпаңыз. Егер жуылған заттың кірі дұрыс кетпей қалса, кір жуу уақытын
ұлғайту керек. Кірді машинадан шығармас бұрын машинаны сөндіріп,
розеткадан қоректендіру бауын суырып, киімнің қатты ластанған
жерлерін сабынмен ысқылап, кірді қайта жуу ұсынылады. Жуу операция-
сы аяқталғаннан кейін (машинаны сөндіргеннен кейін) қақпағын алыңыз.
Киімді шығарыңыз. Қатарынан төрт рет жуғаннан кейін 30 минут үзіліс
жасау керек.