Текст страницы
35
10. Егер центрифуганың айналуы үдеген кезде қатты діріл пайда болса
немесе бактың жақтауы тарсылдаса (кір біркелкі емес болуы мүмкін),
центрифуганы дереу өшіріңіз. Тоқтағаннан кейін кірді біркелкі орнала-
стырып, сығуды қайталаңыз.
11. Егер центрифуганы қосқаннан кейін көбік қақпақтың астынан шығып
жатса, центрифуганы өшіріп, оны тоқтатыңыз, бір немесе екі сығылатын
затты алыңыз, себетке аздап таза су құйыңыз, шығарылған заттарды
қайта салып, қақпақты мықтап жауып, сығыңыз.
Сығу уақытының кестесі
МАТАНЫҢ ТҮРІ
Синтетика,
жібек,жұқа жүн
бұйымдары
Мақта,
зығыр
Джинс мата
СЫҒУ УАҚЫТЫ
Шамамен 1 мин
1–2 мин
2–5 мин
АҒЫЗУ
1. Су төгетін шлангыны шелекке немесе раковинаға бағыттаңыз.
2. Қақпақты мықтап жауып, кір жуу режимінің ауыстырғышын «Ағызу»
қалпына келтіріп, ағызу сорғысын қосыңыз, кір жуғыш бактағы су
әбден ағып болғанша күтіңіз.
МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН
• Бак пен бүкіл гидрожүйені шайыңыз. Ол үшін кір жуғыш бакқа 10-12
литр таза (жылы болсын) су, центрифуга ыдысына 3-5 литр құйыңыз.
Су төгетін шланг арқылы суды канализацияға ағызыңыз.
! Шлангтардың, клапанның, сорғының қабырғаларында ерітінді мен сабын көбігі қалып қойса, олар құрғап, қабыршақтанып, МАШИНАНЫ ІСТЕН ШЫҒАРАТЫН ҰМЫТПАҢЫЗ!
• Машинаны желіден айыру қажет.
• Кір жуғыш бакты және центрифуга багын, сондай-ақ бүкіл машинаны
құрғақ жұмсақ шүберекен құрғатып сүртіңіз.
• Машинаны бактардың қақпағын ашық қалдырып, кемінде 3 сағат
құрғатыңыз.