Инструкция стиральная машина Centek CT-1925

Страница 18 (стр. 18 из 48)

Бренд: Centek

Страница 18 документа Стиральная машина Centek CT-1925. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Centek.

Текст страницы

5.2. ЖУҒЫШ ЗАТТАРҒА АРНАЛҒАН НАУАНЫ ПАЙДАЛАНУ

– алдын ала жуу
– негізгі жуу
– шаюға арналған кондиционер
– диспенсерді шығару үшін
түймені басыңыз

1. I-бөлік (оң жақта) алдын ала жуу үшін жуғыш заттарды қосуға арналған.
Басқа жуу циклдарында бөлік пайдаланылмайды.
2. II-бөлік (сол жақта) – негізгі жууға арналған.
3. Олардың ортасында кондиционер-шайқауышқа арналған бөлік орналасқан.

ЕСКЕРТПЕ: Негізгі жууға арналған II-бөлікке қосылған сұйық жуғыш зат бірден
барабанға ағып кетеді. Сондықтан, негізгі жуу үшін «Алдын ала жуу» режимін
пайдаланған кезде сұйық өнімнен гөрі ұнтақты қолданған дұрыс.

– Үлкен заттар жартысынан аспауы керек. Заттарды бір-бірлеп жууға бол-
майды. Барабанға теңгерімсіз жүктеме болуы мүмкін. Бір-екі ұқсас нәрсені
қосыңыз.
– Барлық қалталарды тексеріп, олардың бос екеніне көз жеткізіңіз. Шегелер,
шаш қыстырғыштары, сіріңке, қаламдар, монеталар мен кілттер сияқты зат-
тар машинаны да, киімді де бүлдіруі мүмкін. Басқа иімге ілініп қалмас үшін,
ысырмаларды жабыңыз, ілгектерді таңығыз, жіптерді байлаңыз (Сур. 3).
– Дақтарды жууды жеңілдету үшін, суға араластырылған жуғыш заттың аз
мөлшерін дақтың үстіне алдын ала жағыңыз (Сур. 4).
– Перделер (тұтас перделер) барабанға жазылған түрде орналастырылуы ке-
рек. Жуар алдында, олардан бекіткіштерін алып тастаңыз.
– Ысырмаларды бекітіңіз, бос түймелерді тігіңіз, тесіктерді жамаңыз және
жыртықтарды тігіңіз.
– Түсті және ақ кірді бірге жууға болмайды. Жаңа түсті киімнің бояуы көп
шығуы мүмкін. Оны бөлек жуыңыз (Сур. 6).
– Тек машинада жууға жарамды бояу немесе түсті қалпына келтіру
құралдарын және жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Қаптамадағы
нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз.
– Шалбар мен жұқа киімді ішкі жағына айналдырып жуыңыз. Машинаға сал-
мас бұрын ұн, әк, құрғақ сүт және т. б. қатты ластанған кірді шаю керек.
Уақыт өте келе мұндай ластанулар машинаның ішкі бөліктерінде жина-
луы және оның бүлінуінің себебі болуы мүмкін. Есіктің тығыздағышының
бүктемелерін тексеріңіз (сұр түсті) және барлық ұсақ заттарды алып
тастаңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Сұйық зат әрқашан жоспарланған бағдарламаны тікелей іске
қоспас бұрын қосылуы керек. Егер ол тым ерте құйылса немесе жууды кейінге
қалдырған жағдайда - ол машинаның ішінде қатып қалуы мүмкін.
Сұйық жуғыш заттың тиісті аққыш күйге ие екендігіне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, оны сумен сұйылтыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Киім
кір
жуғыш
машинаның
есігі
мен
тығыздағышының арасында қысылып қалмағанына
көз жеткізіңіз, әйтпесе жуу процесінде ол бүлінуі
мүмкін.
Киімнің және есіктің тығыздағышының бүлінуінің
алдын алу үшін, есіктің тығыздағышының резеңкесінен барлық бөгде заттар-
ды алып тастаңыз.

Жуғыш зат өндірушінің нұсқауларына сәйкес қолданылады және матаның
түрін, түсін, ластану дәрежесін және жуу температурасын ескере отырып
таңдалады. Кір жуғыш машиналарда қолдануға арналған жуғыш заттарды
ғана пайдалану керек.
– Егер көбік тым көп болса, жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз. Жуғыш
зат артық болған кезде тым көп көбік пайда болады, бұл жуу сапасын
төмендетеді және қозғалтқышты шамадан тыс жүктейді.
– Жуғыш заттың мөлшері судың температурасына, судың кермектігіне, киімнің
мөлшері мен ластану деңгейіне байланысты болуы мүмкін.

МАШИНАДА ЖУУҒА АРНАЛМАҒАН КИІМДЕР
– Галстуктар, көкірекшелер және т.б. машинада жуу нәтижесінде кішірейіп
кетуі мүмкін.
– Бүктемелері мен бедерлері бар киімдер машинада жуу процесінде дефор-
мациялануы мүмкін.
– Толығымен немесе ішінара теріден жасалған киім.
– Әшекейлері бар киім.
– Өндірушінің жуу шарттарына қойылатын талаптары сақталмаған
бұйымдарды жуудан аулақ болыңыз.
– Ешбір жағдайда бензинмен, керосинмен, дизель отынымен, бояумен,
еріткішпен және спиртпен ластанған киімдерді жууға болмайды.
– Кір жуғыш машинада су өткізбейтін материалдардан жасалған заттарды
жууға болмайды. Әйтпесе, машина судан толып, шайқалып төгілуі мүмкін
немесе шаю және кептіру кезінде шамадан тыс діріл туындауы ықтимал, бұл
заттарды зақымдауы мүмкін (мысалы, шаңғы костюмдері, плащ-сулықтар,
қолшатырлар, автомобиль қаптамалары, ақшатырлар, төсек қаптар және
т.б.). Ағызу кезінде су өткізбейтін өнімдерде жиналған су толығымен ақпауы
мүмкін және бір жерде жиналып қалады, бұл кір жуғыш машинаның қатты
теңгерімсіздігін және оның дірілін немесе жылжуын тудырады.

ОҢАЙ ҰЙЫСЫП ҚАЛАТЫН ЗАТТАР
Оңай ұйысып қалатын заттарды (мысалы, мамық) жуу алдында теріс айнал-
дыру керек. Мұндай заттарды бөлек жуған дұрыс, өйткені олар басқа заттар-
ды бүлдіруі және өздерін де бүлдіруі мүмкін. Сол себепті қара және түрлі-түсті
мақтадан жасалған заттарды бөлек жуған жөн.

17

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.