Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы
- Кір жуғыш машинанікінен аз номиналды тоғы бар резеткілерді пайдаланбаңыз.
- Бөлшектері жоқ немесе сынған кір жуғыш машинаны іске қоспаңыз.
- Ашаны дымқыл қолмен резеткіден еш уақытта суырмаңыз.
• Тозған қуат көзінің баусымын, босаған ашаларды/резеткілерді дереу
ауыстырыңыз.
• Тазалар немесе жөндер алдында кір жуғыш машинаны желіден ажыратыңыз.
• Есікті ашпай тұрып, барабаннан су ағызылған ба, тексеріңіз. Су көрініп тұрса,
есікті ашпаңыз.
• Жұмыс кезінде шыны есік өте ыстық болуы мүмкін. Кір жуғыш машина жұмыс
істеп тұрған кезде балалар мен үй жануарларын одан аулақта ұстаңыз.
• Су жəне электр қосылымдарын өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті адамның орындағанына көз жеткізіңіз.
• Бұл машинаны пайдаланар алдында қаптамалардың бəрін шешіп,
тасымалдау бұрандарын ағытып алу қажет. Əйтпесе кір жуғыш машина кір
жуу кезінде қатты зақымдалуы мүмкін.
• Тез жанғыш, жарылу қаупі бар немесе уытты заттарды пайдалануға тыйым
салынады. Жуғыш зат ретінде бензинді, спиртті жəне т.б. пайдалануға
болмайды. Тек машинада жууға жарамды жуғыш заттарды ғана таңдаңыз.
• Кір жуғыш машина кір жуған ыстық суды ағызып жатқанда, күйіп қалмау үшін абай
болыңыз.
• Кір жуғыш машинаны ешқашан қуат көзінің баусымынан тартып өшірмеңіз.
Қашан да ашадан мықтап ұстап, оны резеткіден суырыңыз.
• Ескі аспабыңыз бұдан былай пайдаланылмайтын болса, есігін алып, қуат
көзінің баусымын кесіп тастауға кеңес береміз.
• Қаптама материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Қаптама
материалдарының барлығын (пластик пакеттер, пенопласт жəне т.б.)
балалардан аулақ ұстаңыз.
• Машинаның жоғарғы қақпағына шықпаңыз жəне отырмаңыз.
• Үй жануарлары мен балалар машинаның ішіне кіріп кетуі мүмкін. Əрбір кір жуар
алдында машинаны тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның есігіне сүйенбеңіз.