Текст страницы
Қосымша
■Қоршаған ортаны қорғау
• Кір жуғыш машина қайта өңдеуге жарамды материалдардан жасалған.
Егер сіз осы кір жуғыш машинаны кəдеге жаратпақ болсаңыз, жергілікті
қалдықты кəдеге жарату ережелерін сақтаңыз. Кір жуғыш машинаны
электр желісіне қосуға келмейтін етіп, қуат көзінің баусымын кесіңіз. Кір
жуғыш машинаның ішінде кішкене жануарлар мен балалар кептеліп
қалмауы үшін есікті алып тастаңыз.
• Жуғыш затты өндіруші ұсынған жуғыш зат мөлшерін асырмаңыз.
• Дақ кетіргіш пен ағартқышты жуу циклінің алдында тек өте қажет болған
жағдайда ғана пайдаланыңыз.
• Толық жүктемені (нақты мөлшері пайдаланылатын бағдарламаға
байланысты) ғана жуу арқылы су мен электр қуатын үнемдеңіз.
• Осы өнімді дұрыс кəдеге жарату
Бұл таңбалама осы өнімді ЕО-ның бүкіл аумағында басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайтынын көрсетеді.
Қалдықтарды бақыланбайтын жоюдан қоршаған ортаға немесе
адам денсаулығына ықтимал зиян келтірілмеуі үшін,
материалдық ресурстарды тұрақты түрде қайта пайдалануға
жағдай жасау үшін олардың қайта өңделуіне жауапкершілікпен
қараңыз. Бұрын пайдаланылған аспапты қайтару үшін қайтару
жəне жинау жүйелерін пайдаланыңыз немесе аспапты сатып
алған сатушыға жүгініңіз. Олар бұл аспапты экологиялық
қауіпсіз қайта өңдеуге қабылдай алады.
ЕСКЕРТПЕ:
1. Энергия тиімділігін бағалау «ECO 40-60» əдістемесі арқылы
тексерілді.
2. Аспап туралы қосымша ақпарат алу үшін энергия тиімділігі
затбелгісінде көрсетілген QR кодты сканерлеңіз.
3. Кір жуғыш машина қателер кодын бергенде, жөндеу үшін міндетті
түрде біздің сатудан кейінгі қызметімізге хабарласыңыз. Рұқсат
етілмеген жөндеуден туындаған проблемалар үшін біз жауапкершілік
көтермейміз.
4. Егер сізге керек-жараққа тапсырыс беру қажет болса, біз оларды
сұратудан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде жібере аламыз.
5. Бүкіл кір жуғыш машинаның жұмысын жақсарту мақсатында сыртқы
түрі мен техникалық сипаттамалары қосымша ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
6. Цикл аяқталғаннан кейін 10 минут бойы дисплей тақтасында «END»
көрсетілуге тиіс.