Текст страницы
Кір жуғыш машинаны орнату
■Тасымалдау бұрандарын ағытып алыңыз.
Кір жуғыш машинаны пайдаланар алдында ол машинаның артқы жағынан
тасымалдау бұрандарын ағытып алу қажет. Бұрандарды алу үшін мына
əрекеттерді орындаңыз:
Одан арғы пайдалану үшін тасымалдау бұрандарын лайықты түрде сақтаңыз.
1. Төрт тасымалдау
бұранын сомын кілтімен
босатыңыз.
2. Əрбір бұранның басынан ұстап тұрып, оны
тесіктің кең бөлігі арқылы тартыңыз. Осы
процедураны əр бұран үшін қайталаңыз.
3. Тесіктерді қоса берілген
пластик бітеуіштермен
жабыңыз.
■Кір жуғыш машинаны туралап қойыңыз
Кір жуғыш машинаны қоршаған ортаның температурасы 0°C-тан кем емес
жағдайда орнатыңыз немесе орналастырыңыз, бірақ ашық ауада болмасын,
өйткені одан бағдарламалау бақылағышының зақымдалуы мүмкін.
Зауыттық күйі
Аяқтың құрылмасы
Бөгеткіш сомын
■Корпустың төменгі
бөлігіндегі бөгеткіш
сомын
■Бөгеткіш сомынның
қасындағы тірейтін аяқ
Тірек аяғы резеңкемен
қапталған
Ескертпе: орнатуды жеңілдету үшін аяқтың зауыттық күйі толық бұғатталмаған болуы
мүмкін, деңгейді реттер алдында төрт аяқтың бəрін де міндетті түрде бұғаттаңыз.
2. Машинаны орнатқаннан кейін кір жуғыш машинаның
үстіңгі қақпағының қарама-қарсы бұрышын екі
қолыңызбен кезек-кезек басып, тірейтін аяғы еденге жақын
тұрғанын жəне машинаның
селкілдемейтінін тексеру үшін оны
тігінен төмен қарай шайқаңыз.
1. Машинаны орналастырған кезде төменгі аяқ
зауыттық күйде ме, тексеріңіз, егер олай болмаса,
төменгі аяқты зауыттық күйге
қайтарыңыз: бөгеткіш сомын
корпустың түбіне мықтап тартылған,
ал тірейтін аяқ бөгеткіш сомынға жақсылап
бекітілген:
3. Машинаның дұрыс күйде екеніне көз жеткізу үшін, бөгеткіш
сомынды сызбада көрсетілген бағыт бойынша, тірейтін аяқ еденге
жақындағанша сомын кілтімен сəйкес биіктікке босатыңыз, сонда
машина селкілдемейтін болады.
4. Ақырында, бөгеткіш сомынды бұғаттау үшін оны
қайтадан корпустың түбіне бұру үшін сомын кілтін
пайдаланыңыз (сондай-ақ сіз тірейтін аяқтың қайта
қозғалуын болдырмау үшін тірейтін аяқты қолмен де аздап
бекітіп қоюыңызға болады).
Негіз еденге жақын
Тірейтін аяқтардың одан ары
қозғалмайтынына көз жеткізіңіз
АБАЙЛАҢЫЗ
1. Машина түзу тұруға тиіс: тірейтін аяқтардың төртеуі де еденде тұруға тиіс.
Машина түзуленді деген шартпен, аяқтарды мүмкіндігінше төмен түсіріңіз.
2. Деңгейдің дұрыс реттелмеуі қатты шу, діріл, машинаның жылжуын жəне басқа
қалыпсыз құбылыстарды тудыруы мүмкін.
3. Булық машинаның төменгі жағында орналасқан (бітелудің алдын алады). Кір
жуғыш машинаны қатты, тегіс жəне тайғақ емес бетке орнатыңыз. Жарақат алмау
үшін кір жуғыш машинаны жұмсақ көрпе үстіне немесе ағаш еденге, түрлі
үстелдер мен тұғырларға қоймаңыз.