Инструкция стиральная машина Delvento VWC703

Кір жуғыш машинаны орнату (стр. 42 из 59)

Бренд: Delvento

Страница 42 документа Стиральная машина Delvento VWC703. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Delvento.

Текст страницы

Кір жуғыш машинаны орнату

ЕСКЕРТУ

1. Бұл машина жерге дұрыс қосылған болуға тиіс. Жерге қосу қысқа тұйықталу
жағдайында электр тоғынан зақым алу қаупін азайтады.
2. Кір жуғыш машина басқа электр аспаптарынан бөлек тізбекте жұмыс істеуге
тиіс. Əйтпесе қуат көзін қорғау құрылғысы жұмыс іске қосылуы немесе
сақтандырғыш жанып кетуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаның пайдаланылуы

ЕСКЕРТПЕ

Пайдаланар алдында машинаның дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Алғашқы кір жуардан бұрын толық жуу циклін кірді салмастан іске қосу қажет.
Мына қадамдарды орындаңыз:
1. Қуат көзі мен суды қосыңыз.
2. Науаға аздап жуғыш затты (шамамен 10 г) салыңыз да, оны жабыңыз.
3. Қуат көзін ( ) қосыңыз, машинаны іске қосу үшін тұтқаны солға/оңға бұраңыз.
4.
«Мақта» бағдарламасын таңдау үшін тұтқаны бұраңыз.
5. ( ) (Іске қосу/Үзіліс) батырмасын басыңыз.
Бұл процедура өндірушінің сынама іске қосуынан кейін машинада қалған суды
кетіреді.

■Киімді сұрыптаңыз
Кір машинаға қатысты қиындық туындамауы жəне киімнің зақымдалмауы үшін осы
нұсқауды мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз.
1. Барабанның жүктелуін ең үлкен шекті салмағынан асырмаңыз.

2. Кірді түсі бойынша жəне затбелгідегі кеңестерге сəйкес
сұрыптаңыз. Киімдердің көпшілігінің жағасында немесе
бүйір тігісінде матаның күтімі жөнінде мəлімет бар
затбелгі болады.
3. Қалталардың бəрі бос екеніне көз жеткізіңіз. Бөгде
заттар (мысалы, шеге, тиын, қағаз қыстырғыш жəне т.б.)
киім мен машина бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
4. Кір жуар алдында барлық сыдырманы, ілмекті жəне
т.б. жабыңыз.
5. Кір жуар алдында киімді түсі бойынша сұрыптаған жөн.
Қара түсті киімді ақшыл киіммен бірге жууға болмайды.
6. Қатты ластанған тұстарды, дақты жəне т.б. сұйық
жуғыш затпен, дақ кетіргішпен жəне т.с.с. алдын ала
өңдеген жөн.
7. Машинаға салар алдында жабағыланып қалатын жəне
беті жүнді киімдердің өңін айналдырыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Есік пен тығыздағыш арасында киім қысылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.