Текст страницы
KZ
1-Қауіпсіздік туралы ақпарат
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнату
Жабдықты температурасы 5 °C жоғары болатын жерде ғана
орнатып, қолданыңыз.
Жабдықтың кілем үстіне немесе қабырғаға немесе жиһазға жақын
орналастырылмағанына көз жеткізіңіз.
Жабдықты ешқашан күн сәулесі тігінен түсетін жерге немесе жылу
көзіне жақын (мысалы, пешке, жылытқышқа) орнатпаңыз.
Техникалық ақпараты бар тақтайшада көрсетілген ақпарат пен қуат
көзінің сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Егер сәйкес келмесе,
электрикке хабарласыңыз.
Жалғау тетігі мен ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.
Тек
бірге
жеткізілетін
электрлік
кәбіл
мен
шоғырсымның
қолданылатынына көз жеткізіңіз.
Электрлік кәбіл мен ашаның зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Егер
зақымданған болса, электриктің ауыстыруы керек.
Қуат көзі үшін орнатылғаннан кейін қолжетімді жерге жалғанған
розетканы қолданыңыз. Бұл жабдықтың жерге жалғанған болуы тиіс.
Құбыршектің жалғанған және түйіскен жерлерінің берік және судың
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Қолдану мақсаты
Бұл жабдық тек кір жуу машинасы ретінде - кір жууға арналған. Үнемі
киімнің затбелгісінде көрсетілген нұсқауды орындаңыз. Ол тек үйдің
ішінде, тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған. Оны коммерциялық
немесе өнеркәсіптік мақсатты қолдануға болмайды.
Құрылғыны өзгертуге немесе түрлендіруге жол берілмейді. Алдын-ала
қарастырылмаған мақсатта қолдану барлық кепілдік пен
жауапкершіліктен айрылу қаупін тудырады.
6