Текст страницы
7
7. КЕРІ БАЙЛАНЫС
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Көптеген туындаған мәселелерді маманның қатысуынсыз дербес шешуге болады. Мәселе
туындаған жағдайда, көрсетілген барлық себептерді тексеріп, сервистік қызметке жүгінгенге
дейін төмендегі нұсқауларды орындаңыз. «Клиенттерге қолдау көрсету қызметі» тарауын қар.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
•
Техникалық қызмет көрсетуден бұрын құрылғыны өшіріп, қуат кабелін желіден
ажыратыңыз.
•
Электр жабдықтарына қызмет көрсетуді тек білікті электриктер ғана жүргізуі керек,
өйткені дұрыс емес жөндеу кейіннен айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін.
•
Қауіпті жағдайды болдырмау үшін зақымдалған электрмен жабдықтау кабелін
ауыстыруды тек дайындаушы, сервистік орталықтың өкілі немесе ұқсас біліктілігі бар
тұлғалар ғана жүзеге асыруы тиіс.
7.1 АҚПАРАТТЫҚ КОДТАР
Келесі кодтар тек ақпарат үшін көрсетіледі және жуу циклына сілтеме жасайды. Олар ешқандай
әрекетті қажет етпейді.
Коды
Хабарлама
Жуу циклі аяқталғанға дейін 1 сағат 25 минут қалды.
Жуу циклінің соңына дейін қалған уақыт, оның ішінде кейінге қалдырылған бастау
уақытымен қоса 6 сағат 30 минутты құрайды.
Жуу циклі аяқталды. Машина автоматты түрде өшеді.
Функция батырмалары бұғатталған. Бағдарламаны өзгерту мүмкін емес.
Есік судың жоғары деңгейіне, судың жоғары температурасына немесе сығу циклының
орындалуына байланысты жабық.
Дыбыстық сигнал өшірулі.
Дыбыстық сигнал қосулы.
7.2 ДИСПЛЕЙДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КОДТАР БАР АҚАУЛЫҚТАРДЫ
ЖОЮ
Мәселе
Себебі
Шешімі
CLr FLtr
Суды ағызу қатесі, су 6 минут ішінде
толығымен кетпейді
Сорғының сүзгісін тазалаңыз
Төкпе құбыршектің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз
E2
Бұғаттаудағы қателік
Есікті дұрыс жабыңыз
E4
Су деңгейі 8 минуттан кейін жеткен жоқ
Су сифонды әсер салдарынан төкпе
құбыршек арқылы ағызылады
Шүмектің ашық тұрғанына, және де судың
қысымы қалыпты екендігіне көз жеткізіңіз
Төкпе құбыршектің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз
E8
Су деңгейі бойынша қорғаныс қателігі
Сервистік қызметке хабарласыңыз
F3
Температура датчигінің қатесі
Сервистік қызметке хабарласыңыз
F4
Қыздырудағы қателік
Сервистік қызметке хабарласыңыз
F7
Электр қозғалтқышының қателігі
Сервистік қызметке хабарласыңыз
KZ
24