Текст страницы
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
8
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы таңдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіреді, осы бұйымды пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда
оның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істейтініне кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған тұрмыстық техни-
ка бұйымдарының ресми қызмет мерзімі: микротолқынды пештерге — 5 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, қалған тауар-
ларға-бұйымды түпкілікті тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл. Бұйымның жоғары сапасын ескере отырып, нақты
пайдалану мерзімі ресми мерзімнен едәуір асып кетуі мүмкін. Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық
жұмыстарды жүргізу және ұсыныстар алу үшін Уәкілетті сервистік орталыққа хабарласуды ұсынамыз. Барлық өнім пай-
далану шарттарын ескере отырып дайындалған және техникалық талаптарға сәйкестікке тиісті сертификаттаудан өткен.
Түсінбестікті болдырмау үшін сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік міндеттемелерінің шартта-
рын мұқият оқып шығуыңызды. Бұл бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер сіз
сатып алған бұйым арнайы орнатуды және қосылуды қажет етсе, сізге Haier Уәкілетті сервистік орталығына хабарласуды
ұсынамыз.
Haier корпорациясы бұйымда кемшіліктер анықталған жағдайда қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау ту-
ралы заңнамада, басқа да нормативтік актілерде орнатылған тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша
міндеттемелерді қабылдайтындығын растайды. Алайда, Haier корпорациясы төменде сипатталған шарттар сақталмаған
жағдайда бұйымға кепілдік беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кепілдікті қызмет көрсету шарттары
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай* кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал жаң-
сақтықтарға жол бермеу үшін қызмет мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарлық чек,
кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) сақтап қойыңыз.
Кепілдік қызмет көрсетуді тек Наіеr-дің Уәкілетті серіктестері ғана жүргізеді. Уәкілетті сервистік орталықтардың толық
тізімін Haier ақпараттық орталығынан мына телефондар арқылы біле аласыз:
8-800-070-01-48 — Қазақстан тұтынушылары үшін (Қазақстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе сайтта: https://haieronline.kz немесе электрондық пошта арқылы сұрау салу арқылы: help@haieronline.kz.
Уәкілетті сервистік орталықтардың деректері өзгеруі мүмкін, анықтама алу үшін Haier ақпараттық орталығына хабарла-
сыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсету ақаулықтары мыналар салдарынан туындаған бұйымдарға қолданылмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау шарттары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды дұрыс орнатпау және/немесе қосу;
— құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ адамдарды Бұйымды монтаждауға тарту сияқты тоңазытқыш контурымен және
электр қосылымдарымен жұмыс технологиясын бұзу;
— пайдалану құжаттамасында талап етілсе, Бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетудің болмауы;
— су құбыры желісінде артық немесе жеткіліксіз қысым;
— бұйымның осы типіне сәйкес келмейтін жуғыш заттарды қолдану, сондай-ақ жуғыш заттардың ұсынылған мөлшерінен
асып кету;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдалану;
— үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері: уәкілетті емес тұлғалардың дайындаушы рұқсат етпеген жөндеуі немесе құрылым-
дық немесе сұлбалық-техникалық өзгерістерді енгізуі;
— қуат беру желілерінің стандарттары мен нормаларынан ауытқулар;
— еңсерілмейтін күш әсерлері (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері;
— егер бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттардың, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктер қалдықтарының түсуінен
болатын зақым анықталса;
— су жылытқыштың сумен толтырылмаған/толық толтырылмаған багын қосу салдарынан термоқорғаныстың іске қо-
сылуы.
Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсету мынадай жұмыс түрлеріне таралмайды:
— бұйымды пайдалану орнында орнату және қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану бойынша нұсқау беру және кеңес беру;
— бұйымды сыртынан не болмаса ішінен тазалау.
Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсетуге төменде келтірілген шығын материалдары мен аксессуар-
лары жатпайды:
— кондиционерге арналған сүзгілер;
— кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілер, суды жеткізуге/төгуге арналған құбыршектер;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
— тәрелкелер, істіктер, торлар, табақшалар және қысқа толқынды пештерге арналған тұғырықтар;
— сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, жәшіктер, тұғырықтар және азық-түлікті тоңазытқыштарда сақтауға ар-
налған басқа да ыдыстар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері, сыртқы қуат беру блоктары және зарядтау
құрылғылары;
— бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тұтынушының өтініші бойынша қосымша ақыға жаса-
лады.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Дайындаушы үшін аспапты сәйкестендіруді және нәтижесінде кепілдік-
ті қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың бүлінуі немесе болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға әкелуі мүмкін.
*Кір жуғыш/ кептіргіш/ ыдыс жуғыш машинаның инверторлық қозғалтқышына, тоңазытқыштың/ мұздатқыштың инвер-
торлық компрессорына, кептіргіш машинаның компрессорына кепілдік мерзімі — тауар Тұтынушыға берілген күннен
бастап 12 жыл. Тікелей жетекті кір жуғыш/ кептіргіш машинаның қозғалтқышына (статор, ротор) өмір бойы кепілдік
беріледі.
KZ
29