Текст страницы
1
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ / ТАЗАЛАУ
!
•
Балалар машинаны бақылауда болған жағдайда ғана тазалап, күтіп ұстай алады.
•
Тұрақты техникалық қызмет көрсетуден бұрын машинаны электр желісінен
ажыратыңыз.
•
Жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін жүктеу люгі саңылауының түбін
таза ұстаңыз және машина пайдаланылмаған кезде есік пен жуғыш зат науасын
ашық қалдырыңыз.
•
Машинаны тазалау үшін су немесе буды бүріккішті пайдалануға тыйым салынады.
•
Электр қуат кабелі зақымдалған жағдайда қауіпті болдырмау үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе осыған ұқсас білікті персонал ауыстыруы тиіс.
•
Машинаны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу қажет болған жағдайда біздің
клиенттерді қолдау қызметімізге хабарласыңыз.
•
Машинадан металл және сынғыш заттар, химиялық заттар, жанып тұрған шамдар,
жанып тұрған шылым сияқты және т.б. барлық бөгде заттарды алып тастаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ОРНАТУ
!
•
Құрылғыны жақсылап желдетіліп тұратын жерге орнықтырыңыз. Машинаны есікті
толығымен ашуға болатындай етіп орналастырыңыз.
•
Машинаны жоғары ылғалдылық жағдайында немесе шұңғылшаның астында
немесе оның жанында су кіруі мүмкін жерлерде орнатпаңыз. Егер су машинаға
тиіп кетсе, электр қуатын өшіріп, оның табиғи түрде кебуін күтіңіз.
•
Машинаны орнату және пайдалану тек 5 °C-тан жоғары температурада жүзеге
асырылуы мүмкін.
•
Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын немесе жиһаздың жанына қоймаңыз.
•
Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне жақын жерге
қоймаңыз (мысалы, пештер, жылытқыштар).
•
Зауыттық тақтайшасында көрсетілген электр қуаты сипаттамалары электр қуат көзі
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкестілік болмаған жағдайда
электрикке жүгініңіз.
•
Үштіктерді және ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады.
•
Тек қуат кабелін және машинамен бірге келетін құбыршектер жиынтығын
пайдаланыңыз.
•
Электрлік кабель мен ашаның зақымдалмауын қадағалаңыз. Зақымдалған
жағдайда ауыстыру үшін электрикке хабарласыңыз.
•
Қуат алу үшін жерге тұйықталған бөлек электр розеткасын пайдаланыңыз, оған
еркін қол жеткізуге мүмкіндік беріңіз. Машина міндетті түрде жерге тұйықталуы
керек.
•
Құбыршек қосылымдарының саңылаусыздығын және ағып кетпеудің болмауын
тексеріңіз.
МАҚСАТЫ
Бұл құрылғы тек кір жуғыш машина ретінде қолдануға арналған. Әрқашан киім жапсырмасында
көрсетілген нұсқауларды орындау қажет. Машина тек орынжай ішінде тұрмыстық пайдалануға
арналған. Ол коммерциялық немесе өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
Машинаның конструкциясына өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Мақсатсыз пайдалану
қауіпті жағдайлардың туындауына және барлық кепілдік міндеттемелердің жойылуына әкелуі
мүмкін.
KZ
4