Текст страницы
1 - Қауіпсіздік техникасына қатысты ақпарат
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнату
f Машинаны тек 5 °C-тан жоғары температурада орнатыңыз немесе қолданыңыз.
f Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын жерде немесе жиһаздың жанында
орнатуға тыйым салынады.
f Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне (пештер,
жылытқыштар сияқты) жақын жерде орнатпаңыз.
f Зауыттық тақтайшадағы көрсетілген электр сипаттамалары электрлік қуат көзінің
сипаттамаларына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес келмеген жағдайда
электриктің көмегіне жүгініңіз.
f Үштіктер мен ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады.
f Құрылғымен бірге берілген қуат көзі кабелі мен шланг жинағын ғана
пайдаланыңыз.
f Электр кабелі мен вилканың зақымданбауын бақылаңыз. Зақымдалған жағдайда
ауыстыру үшін электрикке хабарласыңыз.
f Машинаны қуаттандыру үшін машина орнатылғаннан кейін оңай қол жеткізуге
болатын жерге тұйықталған жеке электр розеткасын пайдаланыңыз. Машина
міндетті түрде жерге тұйықталған болуы тиіс.
f Құбырлық жалғағыштарды сенімділікке және ағып кетудің жоқтығына тексеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл бұйым кір жуатын машинада жууға болатын киімдерді жуу үшін ғана арналған.
Барлық жағдайларда киім жапсырмаларындағы күтім нұсқауларын орындау керек.
Кір жуғыш машина тек үй ішінде тұрмыстық қолдануға арналған. Ол коммерциялық
немесе өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
Құрылғының құрылымына өзгертуге енгізуге жол берілмейді. Мақсаты бойынша
пайдаланбау қауіпті жағдайларға алып келуі және барлық кепілдіктердің күшін жоюы
мүмкін.
6