Текст страницы
4-Басқару панелі
KZ
4.4 Жуғыш құралдар мен кондиционерге арналған контейнер
4-5
4
2
1
3
Суырмалы науашаны ашып, мына бөлшектерді көруге
болады (4-5-сур.):
1: кір жуат ын ұнтаққа немесе сұйық жуғыш құралға
арналған бөлік.
2: жуғыш құралға арналған селектор қалқа, кір жуатын
ұнтақ қолданғанда оны көтеріңіз, сұйық жуғыш құрал
пайдаланғанда, түсіріңіз.
3: Кондиционерге арналған бөлік.
4: ілмекті дөңес, суырмалы науаны шығару үшін төмен
басыңыз. Жуғыш құралдар типіне қатысты кеңестер
әртүрлі температурада жуу үшін көрсетілген.
Жуғыш құралды пайдалану бойынша нұсқаулықты
қараңыз (11-бет).
4-6
4.5 Функциялық батырмалар
Temp.
Speed
Delay
Функциялық батырмалар (4-6-сур.) қосар алдында
таңдалған бағдарламаға қосымша мүмкіндіктер қосуға
жағдай жасайды. Дисплейге тиісті мәндер шығады.
Машинаны өшірер алдында немесе жаңа бағдарлама
қосар кезде бұрын бапталған қосымша мүмкіндіктер
өшеді.
Егер батырма баптаудың бірнеше нұсқасы арасынан
таңдауға мүмкіндік берсе, ондай таңдау сол батырманы кезекпен басу арқылы жүзеге
асады.
Ескертпе: Зауыттық баптаулар
Анағұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Haier-дің әр жуу бағдарламасында
белгілі бір баптаулар бар. Арнайы талаптар жоқ болған жағдайда әдепкі күйі
бойынша баптауларды пайдалану ұсынылады.
4-7
Delay
4.5.1 «Отлож. старт» функциялық батырмасы
Бағдарламаны кейін іске қосу үшін осы батырманы (4.7-сур.)
басыңыз. Кейінге қалған старт жуу аяқталатын уақыт бойынша 30
минуттық қадаммен 0-ден 24 сағатқа дейінгі аралықта (аяқталу
уақыты бағдарламаның стандарт уақытымен салыстырғанда
ұзарады) орнатылады. Мысалы, дисплейдегі 6:30 бағдарлама
циклы 6 сағат 30 минуттан кейін аяқталатынын білдіреді. Кейінге
қалған стартты қосу үшін «Старт/Пауза» батырмасына басыңыз.
Ескертпе: Сұйық жуғыш құрал
Сұйық жуғыш құрал пайдаланғанда кейінге қалған стартты қосуға кеңес берілмейді.
13