Текст страницы
KZ 7 - Күнделікті пайдалану
7.1 Электр көзіне қосу
7-1
7-2
Кір жуғыш машинаны электр көзіне қосыңыз (50
Гц жиіліктегі 220-240 В айнымалы ток, 7-1-сурет).
Сонымен қатар «ОРНАТУ» бөлімін қараңыз (10-бет).
7.2 Су беруді қосу
f Қосу алдында кірістегі судың тазалығы мен
мөлдірлігін тексеріңіз.
f Кранды ашыңыз (7-2-сур.).
Ескертпе: Герметикалылық
Машинаны пайдаланбас бұрын кранды ашыңыз және кран мен ағызу құбыршегінің
жалғанған жерінде су тамып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
7.3 Кірді жууға дайындау
f Жуатын кір мен киімдерді матасының типіне
7-3
-
сай (мақта, синтетикалық маталар, жүн немесе
жібек және т. б.), сонымен қатар ластану
дәрежесі бойынша сұрыптаңыз. Киімнің
затбелгісіндегі күтім және жуу жөніндегі
нұсқауларға назар аударыңыз.
f Ақ және түрлі түсті маталарды бөліп алыңыз.
Түрлі түсті маталарды алдымен қаншалықты
түссізденетінін анықтау мақсатында қолмен
жуып көріңіз.
f Киімнің қалталарын босатып (кілт, тиындар
және т. б.) және қатты сәндік бұйымдарын
(мысалы, түйрегіштер) шешіп алыңыз.
f Жиектері тігілмеген киімдерді, нәзік маталарды және жұқа тоқыма маталарды,
мысалы, жұқа перделерді нәзік бұйымдарды жууға арналған қапшыққа салу керек
(оларды қолмен жуған немесе құрғақ тазалау қолданған дұрыс).
f Сыдырма ілгектерді, жапсырмаларды және ілмектерді жабыңыз және түймелердің
дұрыс тігілгеніне көз жеткізіңіз.
f Ұқыптылықты қажет ететін бұйымдарды, мысалы, жиектері тиісті түрде тігілмеген
заттар, селдір маталы ішкиімдер және шұлық, белбеу, бюстгальтер және т. б. жууға
арналған қапшыққа салыңыз.
f Төсек жаймасы, төсек жабыны және т.с.с. ірі заттарды аударыңыз.
f Жуу алдында джинсалар және толтырылған, декорациялы немесе ашық түске
боялған матасы бар киімдерді теріс аударыңыз; оларды жеке жуу ұсынылады.
Абай болыңыз!
Тоқылмаған бұйымдар, сонымен қатар ұсақ, берік бекітілмеген және үшкір заттар
киімнің және машинаның бүлінуіне және ақаулыққа әкелуі мүмкін.
17