Текст страницы
1 - Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ақпарат
KZ
ЕСКЕРТУ!
Күнделікті пайдалану
► Жанғыш газ жанында айырды суырмаңыз немесе салмаңыз.
► Көбік поролон немесе ысқыш материалдарды ыстық сумен жууға
болмайды.
► Ұнмен ластанған киім-кешекті жууға болмайды.
► Жуу циклы кезінде жуғыш затқа арналған науаны ашпаңыз.
► Жуу кезінде есікті ұстамаңыз, есік ыстық бола түседі.
► Егер су деңгейі иллюминатордан жоғары болса, есікті ашпаңыз.
► Есікті күшпен ашуға тырыспаңыз. Есік өздігінен құлыпталатын аспаппен
жабдықталған және жуу аяқталғаннан кейін көп ұзамай ашылады.
► Әрбір жуу бағдарламасынан кейін және кез келген жоспарлы техникалық
қызмет көрсетуді орындар алдында аспапты өшіріңіз, сонымен қатар
электр қуатын үнемдеу және қауіпсіздік мақсатында аспапты электр
желісінен ажыратыңыз.
► Аспапты желіден ажыратқан кезде, кабельден емес, айырдан ұстаңыз.
Техникалық қызмет көрсету/тазалау
► Егер балалар құрылғыны тазалап, оған техникалық қызмет көрсетке,
олардың бақылауда болуын қадағалаңыз.
► Кез келген жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындар алдында,
аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
► Люктің төменгі бөлігін таза ұстауды қамтамасыз етіңіз. Әсіресе, егер аспап
ұзақ уақыт пайдаланылмаса, жағымсыз иістердің алдын алу үшін, есік пен
жуғыш зат науасын тұрақты ашып қойыңыз. Аспапты тазалау үшін су
ағынын немесе буды пайдаланбаңыз.
► Зақымдалған қорек баусымын ауыстыруды қауіпті жағдайлардың
туындауын болдырмау үшін, тек өндіруші, оның қызмет көрсету агенті
немесе ұқсас біліктілігі бар адамдар ғана жүргізуі керек.
► Аспапты өз бетінше жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу қажет болса,
клиенттерге қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орнату
►Аспапты жақсы желдетілетін жерге қою керек. Есікті толық ашуға мүмкіндік
беретін орынды таңдаңыз.
►Аспапты ешқашан ашық ауада дымқыл жерде немесе раковинаның
астында немесе жанында су ағып кететін жерлерде орнатпаңыз. Су ағып
кетсе, электрқоректі өшіріп, аспапты табиғи түрде құрғатыңыз.
5