Текст страницы
KZ 6. Күнделікті пайдалану
6-1
6-2
6.1 Электрлік қуат беруді қосу
Кір жуғыш машинаны электрлік қуат көзіне қосыңыз
(50 Гц жиіліктегі 220-240 В айнымалы ток, 6-1-сурет).
Сондай-ақ, «ОРНАТУ» бөлімін қар.
6.2 Су беруді қосу
► Қосу алдында кірістегі судың тазалығы мен
мөлдірлігін тексеріңіз.
► Кранды ашыңыз (6-2 сурет).
Ескертпе: саңылаусыздық
Машинаны пайдалануға дейін кранды ашыңыз және кран мен ағызу құбыршегінің
жалғауында ағып кету жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
6-3
6.3 Кірді жууға дайындау
► Жуатын кір мен киімдерді тігілген маталарының
типтері бойынша (мақта, синтетикалық маталар, жүн
немесе жібек және т.б.) және ластану дәрежесі бой
ынша сұрыптаңыз. Киімнің затбелгілеріндегі күтім
және жуу бойынша нұсқауларға назар аударыңыз.
► Ақ және түрлі түсті маталарды бөліп алыңыз. Түрлі
түсті маталарды алдымен қаншалықты түссізденетінін
анықтау мақсатында қолмен жуып көріңіз.
► Киімнің қалталарын босатып (кілт, тиындар
және т.б.) және қатты сәндік бұйымдарын (мыса
лы, түйрегіштер) шешіп алыңыз.
► Жиектері тігілмеген киімдерді, нәзік маталарды
және жұқа тоқыма маталарды, мысалы, жұқа
перделерді нәзік бұйымдарды жууға арналған
қапшыққа салу керек (оларды қолмен жуған не
месе құрғақ тазалау қолданған дұрыс).
► Сыдырма ілгектерді, жапсырмаларды және
ілгектерді жабыңыз және түймелердің дұрыс
тігілгеніне көз жеткізіңіз.
► Мұқият пайдалануды қажет ететін бұйымдарды, мы
салы, жиектері тиісті түрде тігілмеген заттар, селдір
маталы іш киімдер және шұлық, белбеу, бюстгаль
тер және т.б. жууға арналған қапшыққа салыңыз.
► Төсек жаймасы, төсек жабыны және т.с.с. ірі зат
тарды аударыңыз.
► Жуу алдында джинсалар және толтырылған, декораци
ялы немесе ашық түске боялған матасы бар киімдерді
теріс аударыңыз; оларды жеке жуу ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тоқылмаған бұйымдар, сонымен қатар ұсақ, берік бекітілмеген және үшкір зат
тар киімнің және машинаның бүлінуіне және ақаулыққа әкелуі мүмкін.
13