Текст страницы
KZ
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан
ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. Сүзгінің қақпағын ашыңыз.
2. Ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз.
3. Сүзгінің ішкі бөлігін және сорғы қанатшасының айналасындағы
кеңістікті қоқыс пен талшықтардан тазартыңыз.
4. Сүзгіні орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол
шытынаған немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері
орындалған кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде
жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және
жуғыш зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз
жеткізіңіз. Су құю түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу
түтігін ағытыңыз. Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау
кезінде зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын
қайта орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған
тасымалдау
болттарын
шешіп
алу
процедурасын
керісінше
орындаңыз.
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және қуат жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жабыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның
ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып
кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен
тазалауға
болады.
Еріткіштерді
немесе
абразивті
заттарды
қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Барабанды
тазарту» циклі бар; оны орындаған кезде, барабанға ештеңе салмау
керек.
Бұл циклді оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны тазалау
мақсатымен жуғыш затты (аз ластанған киімдер үшін берілген
мөлшердің 10%) немесе арнайы қосымша заттарды пайдалануға
болады. Тазалау циклін 40 жуу циклінен кейін бір рет іске қосқан
абзал.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Сифонды басып, өзіңізге қарай тарту арқылы диспенсерді алыңыз.
Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл процедураны жүйелі түрде
қайталап тұру керек.
Есік пен барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою
керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.Кір
жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу
керек. Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына
зақым келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы
төлкелерге бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап
бекітіліп, кез келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген
кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде кір
жуғыш машинаға механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ
Үлгі
WSH 8291 VWX / WSH 8291 VBX
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 86 см
тереңдігі 48,3 см
Сыйымдылығы
1 - 8 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 54 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1200 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу бағдарламалары мына стандартқа сәйкес:
EN 60456
«Эко мақта» бағдарламасы; температура 60°C; 8 кг жүкті қолдана
отырып.
Бұл құрылғы төмендегі директиваларына сәйкес келеді:
- 2012/19/EU (WEEE)
- ТР ЕАЭС 037
- TC 004/2011, TC 020/2011
9