Инструкция стиральная машина KRAFT KF-ED7206W

Страница 51 (стр. 51 из 72)

Бренд: KRAFT

Страница 51 документа Стиральная машина KRAFT KF-ED7206W. Раздел: Стиральные машины. Бренд: KRAFT.

Текст страницы

АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА

ЭЛЕКТР ТОГЫНАН ЗАҚЫМДАНУ ҚАУПІ

• Электрмен қоректендіру бауының ашасын құралды орнатқаннан кейін ғана
розеткаға тығыңыз. Розеткаға еркін қол жететініне көз жеткізіңіз. Бұл ретте ка­
бель ашасын дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Ашаны әбден құрғатыңыз, оны
шаңнан тазартып, розеткаға абайлап тығыңыз. Шаң, су немесе түйіспенің әлсіз
болуы өрттің туындауына немесе электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
• Орнын ауыстыру, қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде кір жуатын маши­
на электр желісінен ажыратылуы тиіс. Өшіру үшін ашадан ұстаңыз, электрмен
қоректендіру бауынан тартпаңыз және сүйретпеңіз.
• Электр сымы, розеткасы немесе су құятын немесе су ағызатын шлангылары
бүлінген кір жуатын машинаны пайдаланбаңыз.
• Электрмен қоректендіру бауын бұрауға, майыстыруға немесе ұзартуға болмай­
ды. Оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Баудың заттың өткір шеттеріне және
қызып тұрған заттарға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Кір жуатын машинаны сыртта пайдаланбаңыз, оны жаңбыр, ылғал, тікелей
күн сәулесінің және басқа атмосфералық құбылыстар әсеріне ұрындырмаңыз,
сондай-ақ ылғалдылығы жоғары және қоршаған орта температурасы 0°C-тан
төмен бөлмелерде пайдаланбаңыз. Аспапты дымқыл жерге орнатпаңыз.
• Аспаптың кез-келген бөлігіне судың және қандай да бір сұйықтықтың түсуіне
жол бермеңіз. Ешбір жағдайда кір жуатын машинаны, электрмен қоректендіру
бауын немесе розетканы дымқыл қолмен ұстамаңыз. Дымқыл киімнің басқару
панелімен беттесуіне жол бермеңіз.
• Кір жуатын машинаны электр желісінен ажырату үшін электрмен қоректендіру
сымын тартпаңыз, ашаны ұстамаңыз, оны тартпаңыз немесе күшпен суырып
алмаңыз.
• Егер кір жуғатын машина су астында қалса, оны пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуар алдында су ағызатын шлангының дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Егер сіз судың ағып тұрғанын көрсеңіз, кір жуу кезінде машинаға жақындамаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Желіге артық жүктеме түсірмес үшін сол тізбек­
те басқа жоғары қуатты құрылғыларды пайдаланбаңыз.

ЖАНУ МЕН ЖАРЫЛУ ҚАУІПТІЛІГІ

• Кір жуатын машинаны кілемге (орнатылатын орны тегіс және қатты болуы ке­
рек), сондай-ақ жылу көздерінің жанына орнатпаңыз, басқа электр аспаптары­
мен және қызатын заттармен, ашық от көздерімен беттестіруден аулақ болыңыз.
• Егер сіз күйген сымның иісін сезсеңіз немесе машина жұмыс істеп тұрған ке­
зде ерекше шу естісеңіз, жуу процесін дереу тоқтатыңыз, өшіріңіз және сервис
орталығына хабарласыңыз.
• Кір жуатын машинаны қосу үшін бөлек розетканы пайдалану керек. Бірнеше ас­
пап үшін бір розетканы пайдалану тұтанудың туындауына әкелуі мүмкін.
• Электрмен қоректендіру бауының ашасы бүлінбегеніне және майыспағанына
көз жеткізіңіз. Жарамсыз аша қызып, өрттің пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Аспапты қосу үшін адаптерлер, ұзартқыштар және «үштіктерді» пайдаланбаңыз.

51
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.