Инструкция стиральная машина Kraft KF-MBDS7109G

ПАЙДАЛАНУ (стр. 59 из 76)

Бренд: Kraft

Страница 59 документа Стиральная машина Kraft KF-MBDS7109G. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Kraft.

Текст страницы

АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА

сіздің пәтеріңізде жерге қосу мүмкіндігі қарастырылмаған болса, оны орнату үшін
білікті электрик көмегіне жүгініңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр желісінің розеткасы еркін қол жететіндей
болуы керек, кір жуатын машина электр желісіне оңай қосылуы керек.


Кір жуатын машинаны пайдалану кезінде максималды ток күші 10 А құрайды,
сіздің үйіңіздегі электрмен қоректендіру жүйесі (ток, кернеу және сым) кір жуа-
тын машинаның қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы тиіс. Желідегі қуат кернеуі
машинаның номиналды кернеуіне (220В) сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Кір жуатын машинаны дұрыс жерге қосылған розеткаға қосыңыз. Қысқа тұйықталу
жағдайында жерге қосу электр тогының соғу қаупін азайтуы мүмкін. Қуат ашасы
розеткаға қосылатын розеткаға сәйкес келуі тиіс.

Ашаны дымқыл қолдарыңызбен қоспаңыз немесе суырмаңыз.

Ашаны шығарған кезде, оны розеткадан ұстап тұрып, абайлап суырып алыңыз.
Электр қоректендіру бауын тартқыламаңыз.

Егер электрмен қоректендіру бауы бұзылған болса, ол сервис орталығында ауысты-
рылуы тиіс

ПАЙДАЛАНУ

ҚОСАР АЛДЫНДА


Кір жуатын машина тек тұрмыстық пайдалануға арналған, оны тек машинада жууға
болатын маталарды жуу үшін ғана пайдалануға болады. Кір жуатын машина кілем-
дерді жууға арналмаған.

Кір жуатын машинаны тек салқын суға қосуға болады. Тек кір жуатын машина-
да пайдалануға арналған, көбікті аз түзетін тұрмыстық кір жуатын ұнтақты ғана
таңдаңыз.

Су беру және электрмен жабдықтау кір жуу аяқталғаннан кейін тоқтатылуы тиіс.

Кір жуатын машинаны пайдалануға арналған қоршаған орта шарттары:
1. Қоршаған ауа температурасы: 0-40°С.
2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25°С кезінде кемінде 95%.

ЖУАР АЛДЫНДА


Таңдалған бағдарлама үшін кірді жүктеу нормасынан асырмаңыз.

Машина мен киімдерді бүлдірмес үшін киімдердің қалтасынан барлық бөгде
нәрселерді, мысалы, монеталар және т.б. шығарыңыз.

Кішкене бұйымдарды (қол орамалдар, қолғаптар, шұлықтар және т.б.) кір жууға
арналған қапқа салыңыз.

Үлкен және кіші заттарды тиісті пропорциямен жүктеңіз.

Есікті жауып жатқанда есік пен тығыздағыш сақинаның арасына киім қысылып
қалмағанын тексеріңіз.

Киім жапсырмасында көрсетілген матаның түрі, жуу температурасы және т.б. сияқты
өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес киімді сұрыптаңыз.

59
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.