Текст страницы
kk-kz_main.book.book Page 7 Friday, May 9, 2025 6:21 PM
7
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
• Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен
ұстамаңыз.
• Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
• Жуу барысында құрылғыдан аққан суды ұстамаңыз.
ҚАЗАҚША
• Дренаж дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Егер су тиісті
түрде ағызылмаса, Сіздің еденіңізді су басуы мүмкін.
• Ауа температурасы жоғары, ал су температурасы төмен
болғанда, конденсация болуы мүмкін және осылайша еден
суланады.
• Қуат ашасының байланысқан жерлерінен кір немесе шаңды
сүртіңіз.
Қызмет көрсету
• Құрылғыны тазалаудың алдында, құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз. Басқару параметрлерін ӨШІРУЛІ күйіне немесе
күту режиміне орнатсаңыз, бұл құрылғыны қуат көзінен
ажыратпайды.
• Кез келген ылғалды және шаңды толығымен кетіргеннен соң,
саңылаулы розеткаға қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
• Оны тазалау үшін құрылғының ішіне не сыртына су бүркімеңіз.
• Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып
ажыратпаңыз. Әрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, саңылаулы
розеткадан тіке тартып алыңыз.
• Құрылғыны тек LG Electronics сервистік орталығынан білікті
сервистік қызметкерлер ғана бөлшектеуі, жөндеуі немесе
түрлендіруі тиіс. Құрылғыны басқа жерге жылжытсаңыз және
орнатсаңыз, LG Electronics ақпарат орталығына хабарласыңыз.
Тастау
• Ескі құралды жоюдан бұрын ашаны шығарып алыңыз. Әрі қарай
пайдаланудың алдын алу үшін құрылғының артындағы кабельді
кесіп тастаңыз.