Текст страницы
kk-kz_main.book.book Page 46 Friday, May 9, 2025 6:21 PM
46
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Белгілер
Ықтимал себебі мен шешімі
Дақтар
Ағартқыштың немесе жұмсартқыштың тым ерте салынуы.
• Мөлшерлеуіш тартпа толып кеткен. Ол ағартқыштың немесе
жұмсартқыштың тез қосылуына алып келеді. Толып кетуді болдырмау
үшін ағартқышты немесе жұмсартқышты міндетті түрде өлшеңіз.
• Жуғыш құралдың мөлшерлеуішін баяу жабыңыз.
Ағартқыш немесе жұмсартқыш барабандағы жуылатын киімге
тікелей салынған.
• Бағдарламада ағартқыш немесе жұмсартқыш уақытылы беріліп тұруы
үшін жуғыш құрал диспенсерін пайдаланыңыз.
Киімдер дұрыс сұрыпталмаған.
• Түссізденуді болдырмау үшін міндетті тұрде қара түсті киімдерді ақ пен
ашық түсті киімдерден бөлек жуыңыз.
• Қатты ластанған бұйымдарды жеңіл ластанған бұымдармен жууға
болмайды.
Қыртыстану
Киімдер машинадан тиісті түрде шығарлмаған.
• Бағдарлама аяқталған соң, заттарды құрылғыдан міндетті түрде алып
тастаңыз.
Құрылғы шамадан артық жүктелген.
• Құрылғыны толық жүктеуге болады, бірақ барабан бұйымдармен
қатты толтырылмауы керек. Құрылғы есігі оңай жабылуы керек.
Ыстық және суық су көзінің шлангілері теріс орнатылған.
• Ыстық сумен шайсаңыз, киімдерге қыртыс түсуі мүмкін. Су көзі
шлангілерінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
Айналу жылдамдығы тым жоғары болуы мүмкін.
• Киім түріне сәйкес айналу жылдамдығын орнатыңыз.
Иіс
Белгілер
Ықтимал себебі мен шешімі
Барабан іші дұрыс тазаланбаған.
Құрылғыдан
көгерген немесе
шіріген иіс шығады
• Очистка барабана (Барабанды тазарту) функциясын жүйелі түрде
орындаңыз.
Егер су ағызу шлангісі дұрыс орнатылмаса, су кері аққанда (судың
құрылғы ішіне кері ағуы) иіс шығуы мүмкін.
• Су ағызу шлангісін орнату кезінде, оның бүктелмегенін немесе
бітелмегенін тексеріңіз.