Текст страницы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Күнделікті пайдалану
f
Әрбір жуу бағдарламасын орындағаннан кейін және оған профилактикалық күтім
жасау бойынша кез келген әрекетті орындамас бұрын машинаны өшіріңіз, сон
дай-ақ электр қуатын үнемдеу және қауіпсіздік мақсатында машинаны электр
желісінен ажыратыңыз.
f
Құрылғыны ажыратқан кезде кабельді емес, ашаны ұстаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
f
Егер тазалау мен қызмет көрсетуді балалар жүргізсе, олар бақылауда болуы ке
рек.
f
Профилактикалық күтім бойынша кез-келген әрекетті жасамас бұрын, машинаны
электр желісінен ажыратыңыз.
f
Жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін жүктеу люгі саңылауының түбін
таза ұстаңыз және машина пайдаланылмаған кезде есік пен жуғыш зат науасын
ашық қалдырыңыз.
f
Бұйымды тазалау үшін су бүріккішті немесе буды қолдануға тыйым салынады.
f
Қауіпті болдырмау үшін зақымдалған қуат сымын ауыстыруды тек өндіруші, оның
сервистік агенті немесе ұқсас біліктілігі бар адамдар ғана орындауы керек.
f
Машинаны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу қажет болса, клиенттерге қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Орнату
f
Машинаны жақсы желдетілетін жерге қою керек. Машинаны есікті толығымен
ашуға болатындай етіп орналастырыңыз.
f
Машинаны орынжайдан тыс жерде жоғары ылғалдылық жағдайында немесе оған
су кіруі мүмкін жерлерде, мысалы, шұңғылшаның астында немесе жанында орна
туға тыйым салынады. егер машинаға су тиіп кетсе, электр қуатын өшіріп, машина
ның табиғи түрде кебуін күтіңіз.
f
Машинаны тек 5 °C-тан жоғары температурада орнатыңыз және басқарыңыз.
f
Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын немесе жиһаздың жанына орнатуға
тыйым салынады.
f
Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне жақын жерге
қоймаңыз (мысалы, пештер, жылытқыштар).
f
Зауыттық тақтайшада көрсетілген электр сипаттамалары қуат көзінің параметр
леріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес келмеген жағдайда электриктен
көмек сұраңыз.
f
Үшайырлар мен ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады.
f
Тек машинамен бірге келетін қуат кабелін және құбыршек жиынтығын пайдала
ныңыз.
f
Электр кабелі мен ашаға зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақымдалған
жағдайда ауыстыру үшін электрикке хабарласыңыз.
f
Машинаны қуаттандыру үшін жерге тұйықталған бөлек электр розеткасын пайда
ланыңыз, ол машинаны орнатқаннан кейін оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл машина міндетті түрде жерге тұйықталуы керек.
f
Құбыршек қосылымдарының сенімділігі мен ағып кетпеуін тексеріңіз.
KZ
6