Текст страницы
ЕСКЕРТПЕ: цикл ұзақтығы кір жууды аяқтаудың белгіленген уақытын кідірту
уақытына қосылып тұрады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қуат өшіп, содан кейін оны қайта
бастаған кезде кір жуғыш машина бағдарлама үзілген сәттен бастап жууды
жалғастырады.
Функциядан бас тарту үшін басқа жуу режимін таңдаңыз. Режим индикаторы
сөнеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жуу циклының нақты аяқталу уақыты су беру қысымына,
дренажға, киім түріне, су температурасына және басқа жағдайларға байла-
нысты кідіртудің белгіленген аяқталу уақытынан өзгеше болуы мүмкін.
6.1. ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін судың температурасын өзгерту үшін «Температура» ба-
тырмасын басыңыз, бұл ретте цифрлық дисплейде температураның өзгерген
мәні көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: бұл функция барлық жуу бағдарламаларында бірдей қолданыла
бермейді.
ШАЮ САНЫН ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін шаю санын өзгерту үшін «Шаю» батырмасын басыңыз, бұл
ретте цифрлық дисплейде шаю санының өзгерген мәні көрсетіледі.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін сығу жылдамдығын өзгерту үшін «Жылдамдық» ба-
тырмасын басыңыз, бұл ретте цифрлық дисплейде сығу жылдамдығының
өзгерген мәні көрсетіледі.
КЕПТІРУ
1. «ЖУУ + КЕПТІРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ТӘСІЛІ
Тиісті батырманы басып, жуу бағдарламасын таңдаңыз, содан кейін «Кептіру»
батырмасын басып, ағымдағы жуу бағдарламасына кептіру функциясын
қосыңыз. Бағдарламалар мен функциялардың индикаторлары жанады.
«Кептіру» батырмасын қысқа басу арқылы қажетті кептіру уақытына
сәйкес мәнді таңдаңыз (AUTO-30-60-90-120-150-180-210-240 (минут), «--» -
функцияның күшін жою).
– Автоматты кептіру: кептіру уақытын киімнің санына және ылғалдылық
дәрежесіне байланысты автоматты түрде реттеуге болады. Автоматты
кептіруді таңдағанда, дисплейде AUTO мәні жанып тұрады.
– Уақыт бойынша кептіру: «Кептіру» батырмасын басыңыз, қажетті кептіру
уақытын таңдаңыз (30-60-90-120-150-180-210-240). Таңдалған кептіру
уақыты дисплейде көрсетіледі.
«БАСТАУ /КІДІРТУ» батырмасын басқанда «Жуу + кептіру» бағдарламасы іске
қосылады, жуу аяқталғаннан кейін кірді кептіру процесі автоматты түрде ба-
сталады.
БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ
Балалардан бұғаттау функциясын орнату балалардың кір жуу барысына
рұқсатсыз араласуына және дұрыс пайдаланбауына жол бермейтін болады.
1. Жұмыс кезінде балалардан бұғаттау функциясын орнату немесе күшін жою
үшін «Жылдамдық» батырмасын басып, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
2. Балалардан бұғаттау функциясын орнатқаннан кейін дисплейде индикатор
жанады, бұл ретте есік ашылмайды, басқару панелі құлыпталады, басқару
панеліндегі барлық батырмалар (қоректендіру батырмасынан басқа) қатып
қалады. Құралды қоректендіру батырмасын басу арқылы ғана өшіруге
болады. Бұйымды өшірген кезде балалардан бұғаттау функциясының күші
жойылады.
КЕПТІРУ РЕЖИМІНЕН ШЫҒУ
1. «Кептіру» батырмасын басыңыз, цифрлық дисплейде «--» көрсетіледі,
кептіру режимі өшіріледі.
2. Кептіру бағдарламасынан автоматты түрде шығу үшін басқа жуу
бағдарламасын таңдаңыз.
«КЕПТІРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ТӘСІЛІ
Бірыңғай кептіру бағдарламасы жуу бағдарламасын іске қоспай, тек кептіруді
бастауға арналған.
ЕСКЕРТПЕ: мақта-қағаз матадан жасалған киімдерді ғана кептіруге жарамды.
Пішінін жоғалтатын немесе кішірейіп кетуі мүмкін киімді құрғатпаңыз.
Жуу
процесінде
біржолғы
кептіру
бағдарламасын
таңдау
үшін
бағдарламаларды таңдау аймағындағы «Кептіру» бағдарламасын басыңыз.
Біржолғы кептіру бағдарламасының бөлігі ретінде автоматты кептіру немесе
уақыт бойынша кептіру «Кептіру» батырмасын бір басу арқылы таңдалады.
Кептіру режимі таңдалғаннан кейін кептірудің бөлек бағдарламасын іске қосу
үшін «БАСТАУ/КІДІРТУ» батырмасын басыңыз.
ОЗОНМЕН ТАЗАЛАУ
«Озонмен тазалау» бағдарламасын басқа таңдалған бағдарламалармен бір
уақытта таңдауға болады. Ағымдағы бағдарламаға киімді тазалап алуға
арналған функцияны қосу үшін «Озонмен тазалау» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ озонмен тазалау бағдарламасын бөлек таңдауға болады. Мұның
екі тәсілі бар:
1. Кір жуудың таңдалған бағдарламасының күшін жою үшін батырманы 3 се-
кунд бойы басып, ұстап тұрыңыз. Жуу бағдарламасының индикаторы жанып
тұрмайды, тек озонмен тазалау батырмасының индикаторы жанып тұрады.
2. Жуу бағдарламасын + озонмен тазалау бағдарламаларын таңдағанда,
жуу бағдарламасының батырмасын қысқа уақытқа басып тұрыңыз. Жуу
бағдарламасының индикаторы өшіп, бағдарламаның күші жойылады, тек
озонмен тазалау батырмасының индикаторы жанып тұрады.
Озонмен тазалау режимінің күшін жою тәсілі:
1. Жуу бағдарламасын + озонмен тазалау бағдарламаларын таңдағанда, ба-
тырмасын қысқа уақыт басып тұрыңыз, озонмен тазалау батырмасының
индикаторы өшіп, функцияның күші жойылады.
2. Егер озонмен тазалау функциясы бөлек таңдалса, онда кез-келген басқа
бағдарламаны іске қоспас бұрын функцияның күші жойылады.
МАМЫҚ КҮРТЕНІ КЕПТІРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТУ
Мамық күртелерді кептіру үшін «Жуу + Кептіру» бағдарламасын пайдалану
қажет. «Мамық күрте + Автоматты кептіру (AUTO) режимі» бағдарламасын
таңдаңыз. «Кептіру» режимін мамық күртені кептіру үшін таңдамаңыз.
Жақсылап кептіру әсеріне қол жеткізу үшін мамық күртені бір рет қана кептіру
ұсынылады.
ЕСКЕРТПЕ:
– Озондау процесінде су қолданылмайды және барабан айналмайды.
– Бұл функция тек ақ түсті немесе ашық түсті киімдерді өңдеу және хош иіс
беру үшін пайдаланылады.
– Бұл функцияны таңдағанда, киімнің бетінде сарғайып, өңін жоятын қабаты,
сондай-ақ сиямен басылған қаріптер немесе ою-өрнектер жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
– Бұл функция барлық жуу бағдарламаларында бірдей қолданыла бермейді.
ЖУУДЫ АЯҚТАУДЫ КІДІРТУ
Бағдарламаның аяқталу уақытын (аяқтауды кейінге қалдыру) бір сағаттық
қадаммен максимум 24 сағатқа дейін кідірту үшін «Дақтар» батырмасын
басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Қажетті жуу бағдарламасын таңдап, бірақ
«БАСТАУ/КІДІРТУ» батырмасын басқанға дейін батырманы қажетті уақыт,
мысалы, 8 сағат көрсетілгенше баса беріңіз, бұл ретте дисплейде режим ин-
дикаторы жанады.
КЕПТІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ:
– Егер киімде ылғал көп болса, машина кептіру уақытын автоматты түрде
ұзартады, бұл қалыпты жағдай болып саналады, дисплейде «0:20» кептіру
уақыты ұзағырақ көрсетілетін болады.
– Кептіру бағдарламасын орындау кезінде кран ашық тұруы тиіс, өйткені
кептіру бағдарламасы кезінде су салқындату және құрғату үшін қажет.
– Максималды кептіру уақыты әртүрлі модельдерге сәйкес белгіленеді.
– Шамадан тыс кептіру кезінде киім қатты қыртысталмауы үшін кептіру
уақытын алдымен сәл төмендеу мәнге орнатуға болады, содан кейін кептіру
уақытын кептіру әсеріне сәйкес қосып отыруға болады.
21