Инструкция стирально-сушильная машина Centek

Страница 24 (стр. 24 из 56)

Бренд: Centek

Страница 24 документа Стирально-сушильная машина Centek. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Centek.

Текст страницы

1. Су ағызатын шлангідегі сүзгіні тазалаңыз.
2. Су беру шлангісін кір жуғыш машинадан ажыратыңыз. Сүзгіні ұзын
тістеуікпен суырып алыңыз.
3. Кір жуғыш машинадағы сүзгіні тазалаңыз.
4. Сүзгіні орнына орнатып, су беру шлангісін қайта қосыңыз.
5. Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні әр
3 ай сайын тазалаңыз.

СОРҒЫ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Су ағызу сорғы сүзгісі жуылатын бұйымдар матасының қалдықтарын және
кішкене бөгде заттарды сүзе алады.
Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні үнемі
тазалаңыз.
Егер машина су ағызу және/немесе айналдыру операцияларын жасамаса,
сондай-ақ, егер кір жуғыш машина сорғыны бітеп тастайтын бөгде заттардың
түсуіне байланысты ағызу кезінде машинаға тән емес шуыл шығарса сорғыны
тексеру қажет.

ЕСКЕРТПЕ: Алдымен кран сүзгісін, содан кейін сүзгіні кір жуғыш машинада
жуыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТ НАУАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІН ТАЗАЛАУ

– Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде, таңдалған бағдарламаға бай-
ланысты сорғы арқылы ыстық су ағып кетуі мүмкін.
– Шаю циклі кезінде сорғы қақпағын ешбір жағдайда ашпаңыз. Кір жуғыш
машина белгілі бір режимде жұмыс істеп, суды ағыза бастағанша күтіңіз.
– Панельдерді орнатқан кезде қауіпсіз және сенімді жанасуды қамтамасыз
етіңіз.

  1. Панель-бітеуішті шешіп алыңыз.
  2. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
  3. Сүзгіні бөгде заттардан тазалаңыз.
  4. Сүзгіні орнына орнатып, панельді жабыңыз.

Бітеліп қалмас үшін тартылатын жуғыш зат науасын үнемі тазалаңыз.
Жуғыш зат науасын келесідей тазалаңыз:
1. Түймені басыңыз (жұмсартқыш бөлігінің үстінде орналасқан) және науаны
алыңыз.
2. Науаны сумен шайыңыз.
3. Бөлменің ішін ескі тіс щеткасымен немесе соған ұқсас нәрсемен тазалаңыз.
4. Науаны орнына салып, оны бастапқы орнына қайтарыңыз.

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДА СҮЗГІНІ ЖУУ

ЕСКЕРТПЕЛЕР
– Тазалау кезінде сұйық жуғыш затты беру үшін смарт контейнердің қақпағын
ашпаңыз, сұйық жуғыш заттың смарт беру контейнерінен ағып кетуіне жол
бермеу үшін жуғыш зат бөлігін еңкейтпеңіз немесе бұрамаңыз.
– Егер жуғыш зат диспенсерінің бөлімі орнатылмаған болса, машинаны
қоспаңыз.
– Әрқашан жуғыш зат диспенсерін толығымен жабық ұстаңыз.

8. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ

Мәселе
Болжалды себебі / шешімі

Кір жуу машинасы қосылмайды
• Ашасы розеткаға толықтай енгізілмеген.
• Нашар байланыс.
• Желіде кернеу жоқ немесе желінің сақтандырғышы іске қосылып кетті.

Бағдарламаны орындау басталмай жатыр
• Есігі соңына дейін жабылмады.
• «ВКП/ВЫКЛ» («ҚОСУ/ӨШІРУ») батырмасы басылған жоқ.
• «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасы басылған жоқ.
• Су өткізу шүмегі ашылған жоқ, су машинаға келмей жатыр. Кейінірек бастау қосулы.

Машина суға толмай тұр немесе дисплейде
«Е02» қателік коды

  • Су құю шлангысы қатты бұралған/қатты қысылған.
  • Су құю шлангысы су құбырына қосылмаған. судың қысымы тым төмен.
  • Су өткізу шүмегі ашылмаған.
  • Сумен жабдықтау жоқ.
  • Енгізу клапанының сүзгісі бұғатталған.
  • «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасы басылмаған.

Машина үздіксіз суға толып тұр және
үнемі ағып кетеді немесе су барабанда
қалып қойды немесе кір жуу процесі
тоқтап қалды

• Ағызу шлангысының жоғарғы нүктесі тым төмен орналасқан. Еденнен 65 және 100 см аралығындағы биіктікте орнатылған болуы тиіс.
• Ағызу шлангысы шұңғылшаның имекқұбырына (сифон) қате байланыстырылған, сол себепті су кері КМ-ға құйылады.
• Су ағызу шлангысының бойымен кері ақпау үшін ағызу шлангысы шұңғылшаның түбінен жоғары тұруы тиіс. Ағызу шлангысының ұшы
құбырға тым терең еніп кеткен.

Машина суды ағызбайды немесе сықпайды
немесе дисплейде «Е0З» қателік коды

  • Сорғының сүзгісі бұғатталған.
  • Ағызу шлангысы қатты бұралған/қатты қысылған.
  • Орнату кезінде шлангылардың бітеуіштері алынбай қалған.
  • Ағызу шлангысы немесе шұңғылшаның имекқұбыры бітеліп қалған.

Сығылмайды
Сығу жылдамдығы «0» деп белгіленген.

Бағдарламаны тым ұзақ орындау
Бағдарламаның орындалу уақыты судың қысымына, оның температурасына, көбіктенуге, сығу кезіндегі тепе-теңдікке байланысты.

Сығу кезіндегі қатты діріл
• Машина деңгей бойына түзу тұрған жоқ.
• Тасымалдауыш бұрандамалары алынбаған.
• Машина жиһазға және/немесе қабырғаға тиіп тұр.
• Жүктеметеңгерімінің бұзылуы.

SMART режимі қосылмайды
• Кір жуу машинасы іске қосылғаннан кейін SMART-тан басқа режим таңдалған. Машинаны өшіріңіз және SMART батырмасын басыңыз.
• Жүктеме теңгерімінің бұзылуы

23

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.