Инструкция стирально-сушильная машина Centek CT-1966

Страница 25 (стр. 25 из 56)

Бренд: Centek

Страница 25 документа Стирально-сушильная машина Centek CT-1966. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Centek.

Текст страницы

Жұмыс кезіндегі шу
Кейбір шу мотордан, помпадан, су ағынынан шығады.

Сықпайды
Жүктеме теңгерімінің бұзылуы. Бүлінуді болдырмау үшін кір жуу машинасы сығудың жоғары температурасына көшпейді. Тепе-теңдіктің
бұзылуы бір ауыр затты (мысалы, мамық, құрақ көрпе және т.б.) жууға байланысты болуы мүмкін. Басқа жүктемені қолдана отырып,
бағдарламаны тағы байқап көріңіз.

Кір жуғыш құралдардың диспенсерден
ағып кетуі
• Диспенсер бөлігі жуғыш құралмен бітеліп қалған және тазалауды қажет етеді.
• Су қысымы тым жоғары. Қысымды төмендету қажет.
• Машина алға қарай еңкейіп тұр.

Басқа ағып кетулер
• Ағызу шлангысының бекітпелері әлсіреген.
• Корпус және шүмек шеттеріндегі бекітпелерді тексеріңіз. Кіру шлангысы бітеулі, дегенмен әлі де су ағып тұрса, мұндай жағдайда
шлангының байланысқан тұстарындағы нығыздауыштарды ауыстырыңыз.
• Ағызу шлангысы дұрыс бекітілмеген.

Иіс
«Очистка барабана» («Барабанды тазалау») бағдарламасын орындаңыз.

Есігі ашылмайды
Есік бағдарлама аяқталғаннан кейін бұғаттаудың жарық индикаторы өшпейінше ашылмайды.

Кір жуу кезіндегі су деңгейінің төмендігі
Су есік терезесінің төменгі бөлігінен көрініп тұрса, деңгейі қалыпты дегенді білдіреді.

Шектен тыс көбіктену
• Жуғыш құрал машинада кір жууға сәйкес келмейді (онда «Кір жуу машинасы үшін» немесе «Машиналық жуу» деп көрсетілуі тиіс).
• Тым көп жуғыш құрал қолданылды.
• Жұмсақ су үшін аз ғана жуғыш құрал қажет болады.

Жалпы
Сіздің кір жуу машинаңыз кір жуу циклі уақытында прогресті қадағалайтын бергіштермен жарақталған (мысалы, су деңгейі, темпера-
тура, жүктелім тепе-теңдігі, уақыт/кезеңдер).

ҚАТЕЛЕР ИНДИКАЦИЯСЫ
Кей жағдайларда кемшілік қалпын кір жуу машинасының микрокомпьютерлік жүйесі анықтайды. Ескерту дыбыстық белгі және кемшіліктер кодын көрсету
арқылы жүзеге асырылады:

Код
Себебі
Болжалды себебі/шешімі

Е02
Су құйылмай тұр
• Шүмек ашық екенін тексеріңіз.
• Су құбыры арқылы су беріліп тұр ма.
• Ағызу шланғысы бұғатталмаған ба және сүзгі бітеліп қалмаған ба.

Е0З
Ағызу мәселелері
• Сорғының сүзгісін тазалаңыз
• Ағызу шлангысының майысып, бұралып және қысылып қалмағанына және көз жеткізіңіз.
• Егер кемшілік жойылмаса, сервистік орталыққа жолығыңыз.

U4
Есік бұғатталмайды
Есікті қайтадан жабыңыз және бағдарламаны қайта іске қосу үшін «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасын басыңыз. Егер кемшілік жойылмаса, сервистік орталыққа жолығыңыз.

Н
Жоғары температура
Кір жууды тоқтату үшін «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасын басыңыз. Бірнеше минут
күтіңіз. Барабандағы температура қауіпсіз мәнге дейін түскенде және дисплейдегі код жоғалған
кезде бағдарламаның қалған бөлігін орындауды жалғастыру үшін «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасын басыңыз.

FXXX
Барабанда теріс зарядты иондар саны тым көп
Кір жууды тоқтату үшін «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасын басыңыз және иондар
саны төмендеп, қателік коды жойылғанға дейін бірнеше минут күте тұрыңыз.

ЕХX
Басқа қателіктер
Машинаны өшіріңіз. Қуаттау сымын ажыратыңыз және жөндеу бойынша сервистік орталыққа тез
арада хабарласыңыз.

Бір циклда энергия тұтынуы, кВт*сағ
1,05

Бір циклда энергия тұтынуы (жуу), кВт*сағ
6,45

Бір жылда энергия тұтынуы (жуу, кептіру), кВт*сағ
1290

Бір циклда су тұтынуы (жуу), л
60

ЕСКЕРТПЕ: кір жууды жалғастыруды баспас бұрын міндетті түрде кемшіліктің
себебін тексеріңіз және оларды жойыңыз. Қайтадан «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасын басыңыз. Егер кемшілік коды жоғалып кетсе, кір жуғыш
машина жұмысын жалғастырады және егер кемшілік коды әлі де көрініп тұрса,
қуаттау сымын өшіруіңізді және шұғыл түрде сервистік орталыққа қоңырау
шалуыңызды өтінеміз. Қалташалардағы заттардың түсуі шлангының бітелуіне
немесе машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін. Кір жууға арналған жапсырмасы
жоқ, сондай-ақ кір жуу машинасында жууға арналмаған заттарды жумаңыз.

Бір циклда су тұтынуы (жуу, кептіру), л
145

Жыл сайын жалпы су тұтынуы, л
31900

9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Барабан көлемі, л
54

Электр қауіпсіздігі класы
I

Жуу кезіндегі шу деңгейі (жуу/кептіру), дБ
62/69

Номиналды кернеуі
220-240 В ~50 Гц

Сығу кезіндегі шу деңгейі, дБ
76

Тұтынатын қуаты (жуу/кептіру), Вт
2000/1600

Су құбырындағы қажетті қысым
0,03 - 1 МПа

Номиналды ток күші, А
8,7

Су өткізбеу класы
IPX4

Ең көп кір салу жүктемесі (жуу/кептіру), кг
8/5

Таза салмағы (таза/жалпы), кг
63/68

Ең жоғары сығу жылдамдығы, айн/мин
1200

Өлшемдері (ЕхСхБ), см
60х43х84,7

Энергия тиімділігі класы
А+++

Шығыңқы бөліктерін ескергендегі габариті (ЕхСхБ), см
60х52х84,7

Кептіру тиімділігі класы
А

24

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.