Текст страницы
Кір жуу машинасы сығу кезінде дірілдейді
Келесілерді тексеріңіз:
• машина деңгей бойынша қойылған ба және төрт аяғымен тұрақты тұр ма,
• тасымалдау бұрандалары алынған ба; кір жуу машинасын қолданар алдында
тасымалдау бұрандаларын ағытып алу қажет.
Қорытынды сығу нәтижелері қанағаттанарлықсыз
Кір жуу машинасы дисбалансты бақылау жүйесімен жабдықталған. Киім-кешектің аз
мөлшерін немесе үлкен киім-кешектерді (мысалы, монша халаты) жүктеу кезінде
машина сығу жылдамдығын төмендетуі мүмкін. Машина киім-кешекті таратудың
бірнеше әрекетін орындайды. Егер дисбалансты жою мүмкін болмаса, машинаны
бұзылудан қорғау үшін бағдарлама сығусыз аяқталады.
• Егер бағдарламаны аяқтағаннан кейін киім-кешек өте дымқыл болса, машинадан
бірнеше киім-кешекті алып, сығуды қосыңыз.
• Көбіктің шектен тыс түзілуі сығуға кедергі келтіруі мүмкін. Жуу
құралының ұсынылған мөлшерін қосыңыз.
• 0 сығу жылдамдығының орнатылмағанын тексеріңіз.
Дисплейдегі (бар болса) жуу уақыты көбейеді немесе азаяды
Жуу уақыты бірқатар факторларға тәуелді, мысалы:
• көбіктің шектен тыс түзілуі,
• ауыр заттар салу салдарынан дисбаланс,
• машинаға берілетін су температурасының төмен болуы салдарынан қыздыру
уақытының артуы.
Осы факторлардың салдарынан жуу уақыты қайта есептеледі және қажет болса,
түзетіледі. Сонымен қатар, жуудың бастапқы фазасында машина салынған киім-
кешектің мөлшерін анықтайды және қажет болған кезде бағдарламаның бастапқы
ұзақтығын тиісінше түзетеді. Сондықтан жуу кезінде дисплейде көп мәнге, сондай-
ақ аз мәнге қарай өзгеруі мүмкін.