Инструкция стирально-сушильная машина Gorenje W1D2A164ADS

Страница 61 (стр. 61 из 71)

Бренд: Gorenje

Страница 61 документа Стирально-сушильная машина Gorenje W1D2A164ADS. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Gorenje.

Текст страницы

ТӨМЕНГІ ҚАҚПАҚТЫ ОРНАТУ

Кір жуу машинасымен бір жиынтықта шуды оқшаулауды жақсартуға арналған
арнайы төменгі қақпақ қолданылады (кейбір кір жуу машиналары үшін).
Қақпақты орнатқаннан кейін кір жуу машинасының жұмысы кезіндегі шу деңгейі
айтарлықтай төмендейді. Қақпақты орнатпас бұрын маманнан кеңес алыңыз.
Сондай-ақ машинаны төменгі қақпақсыз да қолдануға болады.

8. Шуды оқшаулайтын төменгі қақпақты орнату жөніндегі нұсқаулық.
А:
Шуды оқшаулайтын мақтаны төменгі қақпаққа
PUMP (СОРҒЫ) жазбасы бар бетіне
жабыстырыңыз. Кір жуу машинасын артқа 30-40
градусқа қисайтыңыз, шуды оқшаулайтын
мақтаның қақпағын жоғары бұрып, кір жуу
машинасының түбіне PUMP жазуы сорғы
орналасқан бұрышта тұратындай етіп
жабыстырыңыз.

Б:

Төменгі қақпақтың төрт
бетіндегі екі жақты
скотчтың қағаз қабатын
алыңыз.

Қақпақты орнатпас бұрын оны
тегістеңіз және оған шуды
оқшаулайтын мақсаты бұрыш
пішімі бойынша бедерін бойлай
жабыстырыңыз (шуды
оқшаулайтын мақсаты жоқ
модельдерге қатысы жоқ).

Саусағыңызбен екі жақты
скотчты төменгі
қақпақтың барлық
периметріне жабыстырып
шығыңыз, ол машинаның
түбіне сенімді бекітулі
тиіс.

Машинаны артқа 40 градусқа
қисайтыңыз. Төменгі қақпақты
бұрыш пішіміндегі бедердің
суретте көрсетілгендей кір жуу
машинасының алдыңғы бетіне
қарап тұратындай етіп бұраңыз.
Қақпақтың артқы жиегін артқы
реттелетін аяқтардың арасына
салыңыз, ол орнына толықтай
кіріп тұруы тиіс. Содан соң
қақпақты машинаның түбіне салып
көріңіз, ол тығыз жатуы тиіс.

Ыстық (моделіне байланысты) Салқын

Құю шлангын жалғау
9. Егер құю шлангы орнатылмаған болса, оны

машинаға бұраңыз. Көк шланг тек салқын су
беруге жалғанады. Моделіне байланысты
қызыл таңбасы бар ыстық суға арналған
шлангты да жалғау керек (ыстық су
жалғанған модельдер үшін).
10. Шлангты кранға қолмен бұраңыз, ол үшін

гайканы тарттырыңыз.

Назар аударыңыз!

Шланг майыспауы керек!

Аспапты қысымсыз су қыздыру кранына жалғамаңыз.

Су беру кранын толықтай ашу арқылы қосылыстардың бүтіндігін тексеріңіз.

Егер шланг өте қысқа болса, оны қысымның ауытқуына шыдайтын бірдей
ұзындықтағы басқа шлангпен ауыстырыңыз (мин. 1000 кПа).

Шлангтарды майысу мен сызаттардың бар-жоғына жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз
және қажет болса, ауыстырыңыз.

Кір жуу машинасы кері клапансыз қосыла алады.

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.