Текст страницы
KZ Рахмет
Haier кір жуғыш машинасын таңдағаныңыз үшін рахмет
Қолдану алдында осы нұсқауды мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулық құрылғының барынша тиімді
пайдаланылуына жəне қауіпсіз, дұрыс орнатылуына, пайдалануына жəне қызмет көрсетілуіне
көмектесетін маңызды ақпаратты қамтиды.
Кір жуғыш машинаны қауіпсіз жəне дұрыс пайдалану туралы нұсқаулықпен əрдайым танысу үшін
осы нұсқаулықты ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Егер сіз кір жуғыш машинаны сатқыңыз, бергіңіз немесе қалдырғыңыз келсе , нұсқаулықты жаңа
иесіне тапсырыңыз. Жаңа иесі кір жуғыш машинамен жəне онымен жұмыс істеу ережелерімен
таныса алуы керек.
Шартты белгілер
Назар аударыңыз - қауіпсіздік техникасы жөніндегі маңызды
ақпарат
Жалпы ақпарат жəне кеңестер
Экологиялық ақпарат
Кəдеге жарату
Қоршаған ортаны жəне адамдардың денсаулығын қорғауға
көмектесіңіз. Қаптамасын кəдеге жарату үшін оларды тиісті
контейнерлерге орналастырып салыңыз. Электр жəне
электрондық құрылғыларды қайта өңдеуге көмектесіңіз.
Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Кір жуғыш машинаны
жергілікті қайта өңдеу орталығына апарыңыз немесе
жергілікті өкілдікке хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі бар!
Құрылғыны желіден ажыратыңыз. Желілік кəбілді кесіңіз де жəне кəдеге жаратыңыз оны.
Балалар мен уй жануарлары кір жуғыш машинаға жабысып қалмас үшін есіктің құлпын алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрылғыны сыртқы қосқыш құрылғы (мысалы, таймер) арқылы электр желісіне қосуға тыйым
салынады. Кір жуғыш машинаны коммуналдық қызметтер үнемі қосып, өшіретін электр желісіне
қосуға тыйым салынады.