Текст страницы
kk-kz_main.book.book Page 7 Sunday, June 30, 2024 3:19 PM
7
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Пайдалану
• Зақымдалған болса немесе зақымдалған сым не аша сияқты
бөлшектері жетіспесе не сынған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны қолданғанда, басқару панелін басу үшін өткір
заттарды қолданбаңыз.
ҚАЗАҚША
• Құрылғының панелдерін шешуге және бөлшектеуге тыйым
салынады.
• Құрылғының қандай да бір бөлшегін жөндеуге немесе
ауыстыруға тыйым салынады. Егер осы пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілмесе, барлық жөндеу және қызмет
көрсету әрекеттерін білікті қызмет көрсету қызметкері орындауы
қажет. Тек өкілетті зауыттық бөлшектерді пайдаланыңыз.
• Құрылғының есігі ашық болғанда есікті төмен қарай қатты
баспаңыз.
• Үй жануарларын құрылғының ішіне салмаңыз.
• Өндіруші затбелгіде жуылмайтын деп көрсеткен затты жумаңыз.
• Құрылғының астындағы және айналасындағы аймаққа мамық,
қағаз, шүберек, химикаттар т.б. сияқты жанғыш заттарды
жақындатпаңыз.
• құрылғының есігін ашық қалдырмаңыз. Балалар есігіне асылып
не ішіне өрмелеп кіріп, жарақат алуы немесе машинаны
зақымдауы мүмкін.
• Жанғыш не жарылғыш заттармен (балауыздар, балауыз
еріткіштері, май, бояу, бензин, майсыздандырғыш, құрғақ
тазалау еріткіштері, керосин, бензин, дақ кетіргіш, скипидар,
өсімдік майы, аспаздық майы, ацетон, спирт, т.б. сияқты)
тазаланған, жуылған, малынған немесе шашыраған бұйымдарды
салмаңыз, жумаңыз не кептірмеңіз. Осы талапты сақтамау өртке
не жарылысқа себеп болуы мүмкін.
• Тез тұтанатын немесе жанғыш заттарды (эфир, бензол, спирт,
химикат, сұйытылған газ, жанғыш аэрозоль, бензин, сұйылтқыш,
мұнай, инсектицид, ауа тазартқыш, косметика және т.б.)
құрылғының жанында пайдаланбаңыз және сақтамаңыз.