Текст страницы
43
KZ
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
• Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге тыйым салына-
ды. Құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ
құрылғы құлағаннан кейін оны электр желісінен
ажыратыңыз және авторланған сервистік орта-
лыққа жүгініңіз.
• Құрылғыны зақымдамау үшін, оны тек зауыт
қаптамасында тасымалдаңыз.
• Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалар-
дың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА
ҒАНА АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИ-
ЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құралды зақымдануына қатысты байқаңыз
зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
• Құралдың көрсетілген қуаттандыру кернеуі пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны 60 Гц жиілік-
тегі электр желісінде пайдаланғанда, ешқандай
қосымша әрекет қажет емес.
• Кептіруге арналған торларды (5), пастила әзір-
леуге арналған астау жиынтықта (6) бейтарап
жуғыш зат қосылған жылы сумен жуып жіберіңіз,
шайыңыз және құрғатыңыз.
• Қарау терезесі (2) бар есікшені (2), кептіргіш кор-
пусын (4) дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Кептіргіш корпусын (4) суға не-
месе басқа кез-келген сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады. Басқару/индикация панеліне (3) судың
тиюіне жол бермеңіз.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға-
рыңыз және пайдалану алдында 3 сағат күтіңіз.
• Қыздырғыш элементтен бөгде иістерді кетіру үшін
кептіргішті бірінші рет қолданар алдында оны
орнатылған торсыз (5).
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз, осы ретте дыбыстық белгі шығады
және дисплейде (12) температура (7) «000»
және жұмыс уақыты (11) «00» таңбалары пайда
болады.
• Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.