Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
GALAXY LINE GL2630 Көкөніс пен жеміс-жидекке арналған кептіргіш
(ары қарай мәтін бойынша – электрлі кептіргіш, құрал, электр құралы,
бұйым) – көкөністер мен жемістерді пайдалы заттарды минималды
жоғалтусыз консерванттарды қолданусыз дайындауға, сонымен бірге
емдік өсімдіктерді, татымды шөптерді, гүлдерді кептіруге мүмкіндік береді.
5 мөлдір табандықтар бірнеше әр түрлі өнімдерді бір уақытта кептіруге
мүмкіндік береді. Дайындаудың температурасын және уақытты реттеу
мүмкіншілігі қолайлы режимді таңдауға мүмкіндік береді және құралды
қолайлы қолданумен қамтамасыз етеді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен воль-
тты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық
регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін