Текст страницы
IM2022
Құрметті сатып алушы!
Көкөністер мен жемістерді кептіруге арналған timberk кептіргішін сәтті таңдағаныңыз және
сатып алғаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреміз. Ол Сізге ұзақ уақыт қызмет етеді.
1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысуыңызды
сұраймыз. Бұл пайдалану нұсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат,
сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар бар.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше
картон қорабымен және орау материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта осы үлгідегі құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нұсқаулықта
сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер
етпейді. Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне,
жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу
құқығын өзіне қалдырады. Осы Нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде
елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы мүмкін
режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның жекелеген
бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде, кернеу ауытқуы
нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген
немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ
Бұйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы
ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда ғана
пайдаланыңыз.
2.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдалану кезінде бірнеше сақтық шараларын сақтаған жөн. Бұл қағидаларды
ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа адамдардың
денсаулығына зиян келтіруге, сондай-ақ олардың мүлкіне нұқсан келтіруге әкеп соқтыруы
мүмкін.
1.
Пайдалану кезінде бұзылмауы үшін құралды қолданудың алдында осы нұсқауды
ықыласпен оқып шығыңыз.
2.
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың
электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
3.
Дұрыссыз қолдау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, заттай зиян іп келтіріп және
пайдаланушының денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
4.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік
және сауда-саттық мақсатында қолдануға, сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға
арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өнеркәсіптік үй-жайлардағы
қызметкерлерге арналған асүй аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде, пансионаттарда және соларға ұқсас тұрғын
жайларда клиенттердің пайдалануына арналмаған.
5.
Егер құрылғы қолданылмаса, электр жүйесінен оның әрқашан сөндіріп тастаңыз.
6.
Бұйымды және қоректену бауын суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға
болмайды. Егер бұл болса, дереу құрылғыны электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз
22