Текст страницы
1
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бірінші пайдаланар алдында
!
• Тасымалдау кезінде ешқандай бүлінуі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Барлық қаптама материалдарын шешіп алып, оларды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Аспап ауыр болғандықтан, оны әрқашан кем дегенде екі адам қозғауы керек.
Күнделікті пайдалану
!
• Бұл аспапты қадағалаушы бақылауымен 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ
денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар пайдалануы мүмкін, егер оларға аспапты қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулар берілсе және олар ықтимал қауіптермен таныстырылған болса.
• 8 жасқа толмаған балаларды тұрақты қадағалаусыз аспапқа жақындатуға
болмайды.
• Балаларға осы жабдықпен ойнауға тыйым салынған.
• Орынжайдың құрғақ екеніне және жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз. Қоршаған
ортаның температурасы 5 °C бастап 35 °C дейін болуы керек.
• Негізіндегі желдеткіш саңылауларын кілем немесе басқа да ұқсас заттармен
жабуға болмайды.
• Кептіру машинасының айналасындағы кеңістікті шаң мен түктен тазалаңыз.
• Аспапты пайдаланар алдында оның ішінде тек кір бар екеніне және үй
жануарлары мен балалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Желілік ашаны тек құрғақ қолмен ұстаңыз, егер сіз жалаң аяқ болсаңыз немесе
қолыңыз немесе аяғыңыз дымқыл болса, аспапты ұстамаңыз және қолданбаңыз.
• Кептіру машинасында жуылмаған заттарды кептірмеңіз.
• Номиналды жүктемеден асуына жол бермеңіз.
• Қалталарды оттық пен сіріңке сияқты барлық заттардан тазалаңыз.
• Кір шаюға арналған кондиционерлер немесе ұқсас құралдар олардың
нұсқауларына сәйкес қолданылуы тиіс.
• Тез тұтанғыш аэрозольдерді немесе оңай тұтанғыш газдарды аспапқа жақын
жерде пайдаланбаңыз және сақтамаңыз.
• Аспапқа ауыр заттар, жылу немесе ылғал көздерін қоймаңыз.
• Аспапты желіден ажыратқанда кабельді емес, ашаны ұстаңыз.
• Жұмыс кезінде артқы бөлігі мен барабанды қолмен ұстамаңыз, олар ыстық.
KZ
4