Текст страницы
7
Кепілдік шарттары
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы таңдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіреді, осы бұйымды пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда
оның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істейтініне кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған тұрмыстық
техника бұйымдарының ресми қызмет мерзімі: микротолқынды пештерге — 5 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, қалған
тауарларға — бұйымды түпкілікті тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып,
нақты қызмет мерзімі ресми қызмет мерзімінен әлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қызмет мерзімі аяқталғаннан
кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Уәкілетті сервистік орталыққа жүгінуіңізді
сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және Еуразиялық экономикалық (кедендік)
одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият оқып
шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып
алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уәкілетті сервистік орталығына
хабарласуды ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру бойынша
міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier корпорациясы төменде сипатталған шарттар сақталмаған
жағдайда бұйымға кепілдік беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсету шарттары
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай* кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал
жаңсақтықтарға жол бермеу үшін қызмет мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарлық
чек, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) сақтап қойыңыз.
Кепілдік қызмет көрсетуді тек Наіеr-дің Уәкілетті сервистік орталықтары ғана жүргізеді. Уәкілетті сервистік орталықтарының
толық тізімін алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстан тұтынушылары үшін (Қазақстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе сайтта: https://haieronline.kz немесе электрондық пошта арқылы сұрау салу арқылы: help@haieronline.kz.
Уәкілетті сервистік орталықтарының деректері өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына
хабарласыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсету ақаулықтары мыналар салдарынан туындаған бұйымдарға қолданылмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды
монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың
ұсынылған мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген
құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз әрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің
өнім- дерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
— су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толықтолтырылмаған бәгін қосу салдарынан термоқорғаныстың іске
қосылуы.
Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсету мынадай жұмыс түрлеріне таралмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсетуге төменде келтірілген шығын материалдары мен
аксессуарлары жатпайды:
— кондиционерлерге арналған сүзгілер;
— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжинағыштар;
— қысқа толқынды пештерге арналған тәрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;
— сузгілер, иісті сіңіргіштер, ләмпішкелер, сөрелер, жәшіктер, тіреуіштер және тағамдарды тоңазытқышта сақтауға
арналған өзге сыйымдықтар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы қуаттандыру блоктары және
зарядтау құрылғылары;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, және де, нәтиже ретінде, оған
кеплідікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым
салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне айналуы
мүмкін..
*Кір жуғыш/ кептіру/ ыдыс жуғыш машинаның инверторлық қозғалтқышына, тоңазытқыштың/ мұздатқыштың инверторлық
компрессорына, кептіру машинасының компрессорына кепілдік мерзімі — тауар Тұтынушыға берілген күннен бастап 12
жыл. Тікелей жетекті кір жуғыш/ кептіру машинасының қозғалтқышына (статор, ротор) өмір бойы кепілдік беріледі.
KZ
KZ
30
30