Инструкция телевизор Haier 65 LED H1

Страница 37 (стр. 37 из 40)

Бренд: Haier

Страница 37 документа Телевизор Haier 65 LED H1. Раздел: Телевизоры. Бренд: Haier.

Текст страницы

Кепілдік шарттары

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!

Haier корпорациясы сіздің таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді, оны пайдалану ережелерін сақтай
отырып, осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. Теледидардың
қызмет ету мерзімі - бұйымды түпкілікті тұтынушыға берген күннен бастап 5 жыл. Өнімдердің
жоғары сапасын ескере отырып, нақты қызмет ету мерзімі ресми мерзімнен едәуір асып кетуі
мүмкін. Барлық өнімдер пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және Еуразиялық
экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін алдын алу жұмыстарын жүргізу және бұйымды одан әрі
пайдалану бойынша ұсыныстар алу үшін Авторизацияланған қызмет көрсету орталығына
хабарласуды ұсынамыз.

Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін Сізден сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасын,
кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият зерттеуіңізді сұраймыз. Бұл бұйым техникалық
жағынан күрделі тұрмыстық мақсаттағы тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым
арнайы орнатуды және қосылуды қажет етсе, Сізге Haier авторизацияланған қызмет көрсету
орталығына хабарласуды ұсынамыз.

Haier корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамада, өзге де нормативтік актілерде
белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелерді
өзіне қабылдағанын растайды. Алайда Haier корпорациясы төменде көрсетілген шарттар
сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне
қалдырады.

КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ:

Haier корпорациясы тауарды тұтынушыға берген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімін белгілейді.
Ықтимал түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сату кезінде бұйымға қоса берілетін құжаттарды
(тауар чегі, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) қызмет ету мерзімі ішінде сақтаңыз. Жөндеу үшін
пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен ауыстырылған блоктар жаңа және қалпына келтірілген
болуы мүмкін.

АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІН HAIER
АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ БІЛУГЕ БОЛАДЫ:

8-800-070-01-29
Қазақстандағы тұтынушылар үшін
(Қазақстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)

Сайтта:
WWW.HAIERONLINE.KZ

Электрондық пошта арқылы сұрау салу:
SUPPORT-KZ@HAIERONLINE.KZ

АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ӨЗГЕРТІЛУІ
МҮМКІН, АНЫҚТАМАЛАР АЛУ ҮШІН HAIER АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

37
65 LED H1