Текст страницы
9.
ПАЙДАЛАНУ
KZ
АЭСЖ-дағы су жылыту элементтері орналасқан ыстыққа төзімді пластиктен
жасалған қыздырғыш колбадан өте отырып, тез арада жылиды. Қажетті темпера-
тураға су ағынын реттеумен (судың «қысымының» төмендеуімен/ жоғарылауымен)
қол жеткізіледі. Су құбыры суының температурасы жыл бойы айтарлықтай
ауытқуы мүмкін: қыста 5°С-тан жазда 20°С-қа дейін. Сондықтан, АЭСЖ
шығысындағы судың температурасы бірдей болғанда қыста су ағыны жазға
қарағанда айтарлықтай аз болуы мүмкін.
Егер Сіз АЭСЖ ұзақ уақыт пайдалануды жоспарламайтын болсаңыз,
онда оны желіден ажыратып қою қажет.
Егер сіз АЭСЖ қысқы кезеңде пайдаланбайтын болсаңыз және су
магистральдары мен су жылытқыштың өзінің қатып қалу ықтималдылығы болатын
болса, АЭСЖ қорегін өшіру және суын төгіп тастау керек.
Trend 4500 және Trend 6000 үлгілерін пайдалану:
Су жылытқыштың шығысында 35 С° бастап 50 С° дейін су температурасын
реттегіш бар.
Орнатылған температураға байланысты аспап автоматты түрде қуатты
реттейді, бұл АЭСЖ энергия тиімділігінің жоғары дәрежесін негіздейді.
Аспап кірісінде температура мен су қысымының ауытқуы кезінде судың
белгіленген температурасын автоматты түрде қолдайды. Қуаты мен жұмыс
қысымының 1-кестенің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғы автоматты түрде орнату түрін анықтайды (шұңғылшаның астында /
шұңғылшаның үстінде) және ақпаратты беттік панельде дұрыс көрсетеді.
Сенсорлық пернелер
5-сур. Thermex Trend беттік панелі
0-қадам. Электр қорегін қосыңыз, ыстық су кранын ашыңыз және шамамен 10-
15 секунд күтіңіз.
30