Инструкция углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01

ПАЙДАЛАНУ (стр. 50 из 56)

Бренд: Makita

Страница 50 документа Углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01. Раздел: Углошлифовальные машины (УШМ). Бренд: Makita.

Текст страницы

ПАЙДАЛАНУ

Ысып кескіш/алмаз дөңгелекпен
жұмыс істеу

Қосымша керек-жарақ

ЕСКЕРТУ: Құралға күш салудың қажеті
жоқ. Құралдың салмағы жеткілікті қысым түсіреді.
Күш түсіріп, шамадан тыс қысым қолдану қауіп
төндіретін дөңгелек сынуына әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Егер ажарлау кезінде құрал құлап
кетсе, дөңгелекті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ауыстырыңыз.

ЕСКЕРТУ: дөңгелекті өңделетін аймаққа
ЕШҚАШАН соқпаңыз не қақпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Дөңгелекті қажамаңыз немесе
шамадан тыс қысым түсірмеңіз. Шамадан тыс
терең кесуге тырыспаңыз. Дөңгелекке шамадан
тыс қысым түсіргенде, жүктеме және дөңгелектің
кесу кезіндегі айналу немесе қисаюға бейімділігі,
сондай-ақ кері соғу немесе дөңгелектің сыну
мүмкіндігі артады және қозғалтқыш қызып кетуі
мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Дөңгелектің серпілуіне не ілінуіне
жол бермеңіз, әсіресе бұрыштармен, өткір
жиектермен және т.б. беттермен жұмыс істеген
кезде мұқият болыңыз. Бұл құралды игере алмай
қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Өңдеу бөлшегінде кесу әрекетін
бастамаңыз. Дөңгелекті толық жылдамдығына
жеткізіп, кесуді абайлап бастаңыз және
өңдеу бөлшегінің бетінде құралды алға қарай
жылжытыңыз. Электр құралы өңдеу бөлшегінде
іске қосылса, дөңгелек қажалуы, бағытынан
ауытқуы немесе кері соғуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Құралды ағаш кесетін жүздермен
және басқа ара жүздерімен ЕШҚАШАН
пайдаланбаңыз. Ажарлағыш машинада осындай
жүздерді қолданған кезде жиі соққы береді, құралға
ие бола алмай қалсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Тозған дөңгелекті пайдалануды
жалғастыру дөңгелектің жарылысы және жеке
жарақатқа әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Кесу жұмыстары кезінде
дөңгелек бұрышын ешқашан өзгертпеңіз.
Кескіш дөңгелекке (ажарлау кезіндегідей) бүйірлік
қысым түсіру дөңгелектің жарылуына және
сынуына әкеліп соғады, бұл ауыр жарақатқа себеп
болады.

ЕСКЕРТУ: Кесіп жатқан материалға алмаз
дөңгелекті перпендикуляр бағытта ұстап
жұмыс істеу қажет.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Өңдеу бөлшегіне
жанасқан кезде құралды іске қосуға болмайды,
себебі операторды жарақаттауы мүмкін.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Жұмыс істеу кезінде
әрдайым қорғаныш көзілдірігін немесе
қорғаныш маскасын тағып жүріңіз.

Пайдалану мысалы: ысып кескіш дискімен
жұмыс істеу
► Сурет29

Пайдалану мысалы: алмаз дискімен жұмыс істеу
► Сурет30

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Жұмысты аяқтағаннан
кейін, үнемі құралды өшіріп, оны төменге
қоймас бұрын дөңгелегінің толықтай
тоқтағанын күтіңіз.

Сым қақпақшалы қылшақты
пайдалану

Қосымша керек-жарақ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралды ӘРҚАШАН
корпусынан бір қолыңызбен мықтап ұстаңыз
да, екінші қолыңызбен бүйірлік тұтқадан (сап)
ұстаңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Екі мақсатты дискімен тегістеу
жұмыстарын да, кесу жұмыстарын да орындауға
болады.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қылшақтың алдында
немесе онымен бір сызықтың бойында ешбір
адамның болмауына көз жеткізіп, құралды
жүктемесіз іске қосу арқылы қылшақ жұмысын
тексеріңіз.

Тегістеу жұмысын орындағанда, "Дөңгелекпен/
дискімен жұмыс істеу" бөлімін қараңыз, ал кесу
жұмысын орындағанда, "Ысып кескіш/алмаз
дөңгелекпен жұмыс істеу" бөлімін қараңыз.

Пайдалану мысалы: стақан пішінді сым темірлі
щеткамен жұмыс істеу
► Сурет31

Дөңгелекпен/дискімен жұмыс істеу

► Сурет28

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Қылшақты пайдалану
кезінде қатты қысым түсірмеңіз, әйтпесе
сымдар шектен тыс майысуы мүмкін. Бұл
құрылғының мерзімінен бұрын сынуына әкеледі.

Құралды іске қосыңыз да, дөңгелекті немесе дискіні
өңдеу бөлшегіне қолданыңыз.
Негізінде дөңгелектің немесе дискінің шетін өңдеу
бөлшегінің бетіне шамамен 15° бұрышта ұстаңыз.
Жаңа дөңгелекті қолданысқа енгізу кезінде,
ажарлағышты алға қарай бағыттамаңыз, әйтпесе
ол өңдеу бөлшегін ойып өтуі мүмкін. Дөңгелектің
шеті қолданыс әсерінен дөңгелектенгеннен кейін,
дөңгелек алдыңғы және кері бағыттарда жұмыс істей
алады.

50
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

Makita GA5030RK

72 стр.