Текст страницы
Шредер жанында жеңіл тұтанатын заттарды және аэрозольдарды пайдаланбаңыз және
сақтамаңыз.
Қоректену сымының зақымдалмағандығын қадағалаңыз. Қоректену сымын оны іліп кетуі
мүмкін болатын жерде өткізбеңіз. Егер сым зақымдалған болса, аппаратпен жұмыс
жасаудан дереу бас тарту керек.
Аппаратпен жұмыс жасаған кезде оны еңкейтпеңіз.
Аппаратты тек құрғақ бөлмеде және жылу және ылғал көзінен қашықтықта орнатыңыз.
Әрқашан аппаратты тазарту немесе жылжыту алдында, қызмет көрсету алдында немесе
қарапайым әрекет етуден өзгеше кез келген басқа әрекет алдында оны сөндіріңіз.
220В
Қоректену көзі аппарат таңбаламасында және нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге
сәйкес келу керек. Егер Сіз сенімді болмасаңыз, өз жеткізушіңізбен кеңесіңіз.
Сонымен қатар қоректену көзі жеңіл қол жетімді болу керек және аппарат жанында
орналасу керек.
Себетті қалдықтардан уақытылы тазартыңыз. Егер кескіш блок себетте қиғаш орналасса,
аппарат әрекет етпейді.
Жою кезінде қағаздың, пластик карталардың ұсынылатын мөлшерін асырмаңыз.
Техникалық сипаттамаларды қар.
Аппарат корпусынан ескерту жазбаларын алып тастамаңыз.
Тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік аймақтарда пайдалану үшін арналған.
Кез келген ақаулық анықталған кезде құрылғыны пайдалануды тоқтатып, сервис
орталығына жүгініңіз.
Аппаратпен жұмыс жасауға дайындық:
А сур.
Б сур.
1. Кескіш блок себет жиектерінде қиғаштықсыз орналасатындай
(Б сур.), кескіш блокты себетке орнатыңыз (А сур.).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шредерді розеткаға қосқан кезде
шредердің режимдер ауыстырып қосқышы « » жайғасымында
болу керек.
2. Шредерді 220-240В/50Гц кернеулі розеткаға қосыңыз,
ауыстырып қосқышты « » жайғасымына орнатып, аппаратты
қосыңыз.
3. Қағаз/пластик карта беріле бастаған сәтте аппарат
автоматты түрде қосылады және қағазды/пластик картаны
жойған кезде автоматты түрде тоқтайды.
4. Егер аппаратты ұзақ уақыт ішінде пайдаланбай болжамдалса,
режимдер ауыстырып қосқышын « » жайғасымына
орнатып, оны сөндіріңіз.
В сур.
Аппаратпен жұмыс жасау:
1. Апппаратпен жұмыс жасауға кіріспес бұрын, жойылатын қағаз арасына қыстырғыштардың,
қабықшалардың, заттаңбалардың, жабысқақ беті бар қағаздың және кескіш механизмді
зақымдай алатын кез келген басқа материалдың түспегендігіне көз жеткізіңіз.
2. Шредердің сынуына жол бермеу үшін қағазды және пластик карталарды жою алдында
пайдаланушының осы нұсқаулығындағы техникалық сипаттамалармен танысыңыз.