Текст страницы
Құрылғының электрлі желілік баусымын тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының
қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі төмен
деңгейдегі санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы
мүмкін.
Кепілдік қызмет көрсету әрекетін сақтау мақсатында және техникалық мәселелерінің алдын алу
үшін сэндвич пісіргіш құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектеуге және жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу
жұмыстарын тек қызмет көрсету орталығының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Бұл құрылғыны жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдалануға қажет.
12. Кұрылғының жиынтықтылығы
Құрылғы
1 дана.
Құрылғының алынбалы жұмыс панельдері
5 дана.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
1 дана.
Кепілдік талон
1 дана.
Құрылғының орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы)
1 дана.
13. Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату барысында
пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті құжаттары бойынша
көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру
мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Назар аударыңыз! Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны
әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында,
қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке
өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
Осы құрылғыны пайдалану барысында жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау
мақсатында, сондай-ақ бұл құрылғының бұзылу қаупін туғызатын себептерін
болдырмау үшін, сонымен қатар өрт қауіпі бар жағдайларды болдырмау үшін осы
нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік жөніндегі талаптары мен ережелерін және де,
тұрмыстық электрлі құрылғылармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша
барлық қолданыстағы жалпы нұсқауларын және техникалық пайдалану қағидаларын,
сонымен бірге бұл құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі
сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.
14. Техникалық сипаттамалары
PST 0105- POLARIS сауда маркасымен шығарылатын тұрмыстық электрлік сэндвич пісіруге
арналған құрылғы.
Кернеуі: 220 – 240 В.
Жиілігі: 50-60 Гц.
Қуаттылығы: 850Вт.
Қорғаныс жіктелімі - I.
Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен
бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған
назар аударатынына үлкен үміт артады. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың соңғы нұсқасын
www.polar.ru сайтынан таба аласыз.
15. Aқауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
Розеткаға өзге құралды қосу арқылы
кернеуді тексеріңіз.
Ақаулар
Мүмкін себебі
Ақауларды жою тәсілдері
Сэндвич
пісіруге
арналған
құрылғы
оның
электрлі
желілік
баусымын
Ашалы
розеткасы
ақаулы
(электр
қоректендіру
желіде
бір мәселе туындаған).
26