Текст страницы
29
KZ
БУ КАМЕРАСЫН ТАЗАЛАУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
-
Булау кезінде материалдың еріп кетуіне жол
бермеу үшін үтіктің табанын (11) оған тигізбеңіз.
-
Киімді адамның үстінде булауға тыйым салына-
ды, ілгіш пайдалану керек.
• Үтіктеп болған соң, үтікті өшіріңіз ол үшін темпера-
тура реттегішін (12) «MIN» күйіне орнатыңыз, қуат
сымының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз, үтік табаны (11) толығымен салқын-
дағанша күтіңіз, құю саңылауының қақпағын (2)
ашыңыз, үтікті аударып, қалған суды төгіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШІРУ
• Үтікті автоматты түрде өшірудің 2 тәртібі қарасты-
рылған.
1. Егер үтік горизонталь күйінде 30 секунд бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш элементі
сөнеді, ал индикатор (7) жанып-сөніп тұрады.
2. Егер үтік вертикаль күйінде негізге (9) қойып, оны
8 минут бойы қозғалыссыз қалдырса, онда үтіктің
қыздырғыш элементі сөнеді, ал индикатор (7) жа-
нып-сөніп тұрады.
• Үтіктеу үдерісін қалпына келтіру үшін үтікті
горизонталь күйден вертикаль күйге аударыңыз
немесе керісінше, үтіктің табанының (11) қызғанын
күтіп, үтіктеу үдерісін жалғастырыңыз.
• Үтіктің бу камерасын жүйелі түрде тазалауға кеңес
беріледі, әсіресе «қатты» құбыр суы бар өңірлер-
де тазалауға ерекше көңіл аудару керек.
• Тұрақты бу беру реттігішін (3) «
» (бу беру сөн-
дірілген) күйіне белгілеңіз.
• Қақпақты ашыңыз (2), суды «МАХ» максималдық
белгісіне дейін құйып, қақпақты (2) жабыңыз.
• Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Температура реттегішін (12) «MAX» күйіне бел-
гілеңіз, осы кезде индикатор (7) жанады.
• Үтіктің табаны (11) белгіленген температураға дей-
ін қызған кезде индикатор (7) сөніп қалады, үтіктің
бу камерасын тазалауды бастауға болады.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розетка-
дан ажыратыңыз.
• Үтікті раковинаның үстіне көлденең қойыңыз, өзін-
өзі тазалау батырмасын (13) «Self Clean» басып
ұстап тұрыңыз.
• Қайнап жатқан су мен бу қақпен бірге үтік табаны-
ның (11) саңылауларынан сыртқа қарай қарқынды
шыға бастайды.
• Сұйыққоймадан (10) барлық су шыққанша, үтікті
алға - артқа аздап шайқаңыз, батырманы (13)
«Self Clean» босатыңыз.
• Үтікті негізге (9) қойыңыз және үтіктің табанын (11)
толық суытып алыңыз.