Текст страницы
32
33
KZ
KZ
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҮТІК BR4002
ҮТІК BR4002
Үтік киімді, төсек жаймасын үтіктеуге және мата-
ларды вертикаль булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
Үтікті пайдалану алдында пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен жіті танысыңыз, оқыған-
нан кейін болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
5
6
8
7
3
4
9
2
1
10
14
11
12
13
1.
Су шашыратқыш шүмек
2.
Су құятын тесіктің қақпағы
3.
Тұрақты бу жіберуді реттегіш
4.
Қосымша бу беру түймесі
5.
Су шашыратқыштың пернесі
6.
Қыздырғыш элементті іске қосу/сөндіру/ үтікті
автоматты сөндіру индикаторы
7.
Қолсап
8.
Желілік баудың қорғанысы
9.
Үтіктің негізі
10. Суға арналған суқойма
11. Үтіктің табаны
12. Температураны реттегіш
13. «Self-Clean» өздігінен тазалану тәртібінің
түймесі
14. Өлшейтін стакан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Үтікті дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян кел-
тіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
пәтеріңіздегі электр желісінің кернеуіне сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар элек-
трлік розеткаға қосыңыз.
• Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
• Электр желісіндегі жүк шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құралды бір
мезгілде қоспаңыз.
• Құрал корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру тізбегінде
номиналдық іске қосылу тогы 30 мА аспайтын
қорғаныс сөндіру құралын (ҚСҚ) орнатқан дұрыс,
ҚСҚ-ны орнату үшін маманға жүгініңіз.
• Қуаттандыру бауының үтіктейтін тақтада жат-
пауын, ыстық беттермен және жиһаздың үшкір
шеттерімен жанаспауын қадағалаңыз.
• Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
• Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
• Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
• Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құралды найзағай кезінде пайдалануға кеңес
берілмейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс уақы-
тындағы үзіліс кезінде үтікті (вертикаль күйінде)
негізіне орнатыңыз.