Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
арнайы суды қолдануға болады. Үтікті бірінші рет қолданудың алдында
резервуарды сумен толтырыңыз және буды беру батырмасын басумен және
қажетсіз матаны қолданумен резеруардағы барлық суды буландырыңыз.
Одан кейін бұл рәсімді қайталаңыз. Бұл бу беру каналын тазалау және оны
дайындау процесі кезінде үтікте қалып қойған барлық ластануларды кетіру
үшін қажетті болады. Резервуарды сумен толтырудың алдында қойғыштың
электр желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Үтіктеуге арналған мата бұйымын бұйымның заттаңбасында көрсетілген
күтім бойынша ұсыныстармен алдын –ала таныса отырып дайындаңыз,
және соларға сәйкес қажетті температуралық режимді температура
реттеуіштің көмегімен орнатыңыз. Егер заттаңба болмаса, температура
реттеуіштің табанын айналдыра отырып мата типіне байланысты
температураны орнатыңыз:
•
синтетика (акрил, вискоз, полиэстер және т.б. ),жібек;
• • жүн;
• • • мақта, зығыр.
Үтіктеуді төменгі температураны талап етуші матадан бастаған дұрыс
болады. Бұл күті уақытын қысқартады (үтік суынуына қарағанда тезірек
қызады) және матаның бүліну қаупін төмендетеді. Егер Сіз үтіктеу
процесінде берілген температураны кемітсеңіз, онда үтіктің берілген
температураға дейін суынуы үшін 3-4 минуттай тосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз матаның типін білсеңіз, бұйымның
жиектерін ішкі жағынан үтіктеуге тырысып көріңіз. Жібек, жүн және
синтетика бұйымдарын жылтырау іздерінің пайда болуын болдырмау үшін
ішкі жағынан үтіктеу ұсынылады.
ЕСКЕРТУ: Үтікті зарядтау үшін қойғышқа әрбір қайтару кезінде буды
реттеуіш «
» күйіне ауыстырылған болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сақ болыңыз және
сұйықтықтың қойғыштағы тоқ жүретін
түйіспелеріне тиіп кетулерін болдырмаңыз!
Егер Сізге буландыру немесе жұмсарту режимі
қажет болса, үтік резервуарын өлшеуіш стақанның
көмегімен «Макс.» («MAX») белгіснін асырмай
абайлап сумен толтырыңыз. (1 сур.)
1 сур.
Үтікті қойғышқа орналастырыңыз. Қуат беруші желі параметрлерінің
құралда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеріп алып, желілік сымның
ашасын желіге қосыңыз. Жасыл түспен қойғыштың қызу индикаторы және
үтіктегі қызу индикаторы жанады. Үтіктегі қызу индикаторы сөнген кезде,