Инструкция утюг KRAFT KF-CI2221 бирюзовый

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ (стр. 24 из 36)

Бренд: KRAFT

Страница 24 документа Утюг KRAFT KF-CI2221 бирюзовый. Раздел: Утюги. Бренд: KRAFT.

Текст страницы

ҮТІК

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

Өз қауіпсіздігіңіз бен үтікті дұрыс пайдалану мақсатында қолданар алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сонымен қатар аспапты тасымалдағаннан немесе
сатқаннан кейін оны соңынан қайта оқып шығу үшін сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс тұтынбау
оның сынуына алып келуі, пайдаланушыға материалдық зиян немесе денсаулығына зақым
келтіруі мүмкін.
Кондиционер салқындату, құрғату, жылыту, желдету және ауаны шаңнан тазартуды жүзеге
асырады.
• Аспап тұрмыстық үй жағдайында пайдалануға ғана арналған.
• Аспапты тек арналымы бойынша нұсқаулыққа сәйкес қолдану қажет.
• Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
• Электрмен қуаттандыру бауының ашасын ауа кондиционерін орнатқаннан кейін
ғана розеткаға қосыңыз.
• Егер құлағаннан кейін бүлінгені айқын көрінетін болса, аспапты пайдаланбаған
жөн. Пайдаланар алдында аспапты білікті маман тексеріп шығуы тиіс.
• Егер жұмысқа жарамдылығына сенімді болмасаңыз, аспапты пайдаланбаңыз.
• Бұл аспап физикалық, жүйкелік немесе психикалық ауытқушылықтары бар не-
месе білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың)
пайдалануына арналмаған, мұндай адамдар аспапты қадағалаумен немесе
олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға осы құралды пайдалану жөніндегі нұсқама
жүргізгеннен кейін пайдалана алады. Балалардың аспаппен ойнауына жол бер-
меу үшін оларды қадағалау қажет.
• Аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
• Үтікті кір үтіктеу тақтасында желіге қосылған күйінде қараусыз қалдырмаңыз.
• Аспапты бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір
өзгерістер енгізу қауіпті болуы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені
бүлінгенде электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Ақаулар туындаған жағдайда, аспаптың моделін және пайда болған ақаулық
түрін көрсете отырып, дереу авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз.
Жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады. Білікті
түрде жасалмаған жөндеу аспапқа берілетін кепілді қызмет көрсетудің күшін жоя-
ды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Үтік өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға
арналмаған. Өндіруші аспапты дұрыс пайдаланбау немесе сақтық және
қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындайтын ақаулар үшін
жауап бермейді.

• Егер ұйқыңыз келіп, маужырап тұрсаңыз, аспапты пайдаланбаңыз.
• Аспапты жоғары температурада оңай деформацияланатын заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
• Аспапты сақтау үшін алып қоймас бұрын, әбден суығанын күтіңіз.

24
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ • USER GUIDE

Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

BRAYER BR4005

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.