Текст страницы
Құрметті сатып алушы!
Сізге
POLARIS
сауда
маркасының
өнімін таңдағаныңыз
үшін алғысымызды
білдіреміз.
Біздің өнімдеріміз сапа, функционалдылық пен дизайнның жоғары талаптарына
сәйкес әзірленген. Сіз біздің фирмамыздың жаңа өнімін сатып алғаныңызға риза
болатыңызға сенімдіміз.
Аспапты пайдалануды бастар алдында Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды
ақпараты бар осы нұсқаулықты, сондай-ақ құралды дұрыс пайдалану және оны
күту жөніндегі ұсыныстарды мұқият және толықтай оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты
кепілдік
талонымен,
кассалық
чекпен,
мүмкіндігінше,
картон
қораппен және орауыш материалмен бірге сақтап қойыңыз.
Polaris өнімі сапаның ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
Өнімнің 100%-ы Polaris сапа зертханасында тестіленеді. Резервуарда
қалдықты судың бар болуы аспап швейцариялық компанияның
бақылауымен қосымша тестілеуден өтті дегенді білдіреді.
Сіздің назарыңызды электр үтік пайдаланылатын судың сапасы мен
құрамына, оның құрамындағы қоспалардың бар болуына, аспапқа
лайықсыз күтім жасаудан түзілімдердің пайда болуына сезімтал
аспап болып табылатынына аударамыз.
Осы нұсқаулықтың «Тазалау және күтім жасау», «Суды таңдау» сияқты маңызды
тарауларымен мұқият танысуды өтінеміз.
Біз Сіздің және Сіздің жайлылығыңыздың қамын ойлаймыз, сонымен қатар біздің
тұрмыстық техникамызды пайдаланғаннан Сіз алған рахат туралы ойлаймыз,
сондықтан оның қызмет ету мерзімін Сіз үшін ұзаққа созуға мүмкіндік беретін
күтім жасау бойынша толық ұсыныстарды қоса береміз.
Үтік пен оның негізгі бөлшектеріне күтім жасау бойынша ұсыныстарды сақтамау
оның жұмысының сапасына әсер етуі, және сондай-ақ қызмет етудің мәлімделген
мерзімінен немесе кепілдікті кезеңнен бұрын істен шығуына әкелуі мүмкін.
43