Текст страницы
Синтетика
Бусыз
OFF
Үтік қызбайды.
Қосымша буды жіберу функциясы («Бу соққысы)
Үтіктеу кезінде буды одан да қатты жіберу үшін:
•
«Буды жіберу» батырмасына мезгіл-мезгіл басып тұру;
•
Басу арасында бірнеше секунд интервалын сақтау қажет. Буды жіберу температура
реттегіші (MAX) қалпында орнатылған сәтте ғана іске асады.
Назар аударыңыз!
«Бу соққысы» функциясын пайдалану барысында буды жіберу реттігішін (3)
«Бусыз»
қалпына орнату қажет.
•
Бумен үтікеу барысында ыстық судың аз ғана мөлшері құрал табынының саңылауынан ағуы
мүмкін. «Буды жіберу» батырмасын жиі түрде басу әрекеті құрал табанының температурасының
төмендеуіне әкеп соғады. «Буды жіберу» (4) батырмасын басуды тоқтатыңыз және құралдың
қызуына уақыт беріңіз.
Тік қалпында бумен үтіктеу функциясы
Тік қалпында үтіктеу тік жағдайдағы киім-кешек пен жұқа маталардан тігілген перделерді
үтіктеуге арналған.
• Киімді ілгекке іліңіз және бір қолыңызбен матаны сәл ғана тартыңыз.
• Температура реттегішін (MAX) қалпына орнатыңыз.
• «Буды жіберу» батырмасын үздік-создық басыңыз және үтіктің матаның бойымен жылжытыңыз.
• Үтікті матадан бірнеше сантиметр қашықтықта ұстаңыз.
Назар аударыңыз!
Тік қалпында үтіктеу функциясын синтетикалық маталар үшін қолданбаған жөн.
Балқуды болдырмау үшін матаға үтіктің табанымен жанасуға тыйым салынады. Адамның
үстіндегі киімді бумен үтіктемеңіз. Бу температурасы тым жоғары.
Киімді ылғалдау (суды шашырату құрылғысы)
• Егер Сіз кез келген температура барысында бумен немесе бусыз үтіктейтін болсаңыз, киімді
ылғалдау үшін суды шашырату (7) батырмасына бірнеше рет басыңыз. Бұл батырманы
қолданудың алдында суға арналған сауыт бос еместігіне көз жеткізіңіз.
Бусыз үтіктеу
• Құралды желіге қосыңыз.
• Температураны реттеңіз.
• Буды жіберу реттегішін
«Бусыз» қалпына орнатыңыз.
• Қыздыру индикаторы сөнгеннен кейін үтіктеуді бастай аласыз.
.
Тамшының ағуына қарсы жүйе
Үтік төмен температурада үтіктеу барысында судың ағуына жол бермейтін арнайы қорғаныс
жүйесімен жабдықталған. Енді Сіз ең жұқа маталарды буды қолдану арқылы үтіктей аласыз.
Будың түзілуіне қажетті температураның төмен көрсеткіші барысында жүйе автоматты түрде
буды түзу үшін судың жіберілуін шектейді.
Автоматты сөндіру функциясы
29