Текст страницы
ҚАЗАҚША
••
Үтік қыздыру режиміне өтеді. Бұл жағдайда қыздыру
индикаторы (7) және температура режимінің индика
торы (16) жыпылықтайды.
••
Қажетті температураға жеткенде қыздыру индикаторы
(7) сөнеді, ал дисплейдегі (16) «индикаторы «all Textile»
үнемі жанып тұрады, үтіктеуді бастауға болады.
••
Егер бұйым заттаңбасында
таңбасы болса, онда
берілген бұйымды үтіктеу ұсынылмайды.
••
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар заттаңба
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін ажырата
алсаңыз, онда температураны таңдау үшін кестені
пайдаланыңыз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БЕЛГІЛЕУ
Үтіктеу температурасын таңдау кестесі
Белгілеулер
Мата түрі (температура)
үтіктемеу керек
•
синтетика, нейлон, акрил, полиэстер
(төмен температура)
••
жібек/жүн (орташа температура)
•••
мақта/зығыр (жоғары температура)
••
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
••
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа
салыңыз.
••
Үтікті қосу үшін басқару түймесін (11) басып ұстап
тұрыңыз.
••
Басқару түймесін (11) ретімен басып, қажетті үтіктеу
температурасын орнатыңыз: «МАХ», «•••», «••», «•»,
«all Textile» (матаның түріне байланысты).
••
Жарықдиодты температураны таңдау индикаторында
(16) таңдалған режим индикаторы мен қыздыру инди
каторы (7) жыпылықтайды.
••
Үтіктің табаны (13) белгіленген температураға дейін
қызған кезде көрсеткіш (7) сөніп қалады. Таңдалған
температураның индикаторы (16) үнемі жанып
тұрады, үтіктеуге кірісуге болады.
Ескерту: Егер сіз жоғары температурада үтіктесеңіз,
және төмен температураға көшу қажеттілігі пайда
болса, онда табан температурасының төмендеуін
күтіп және индикатор (7) жыпылықтай бастағаннан
кейін ғана үтіктей бастау ұсынылады.
СУ ШАШЫРАТҚЫШЫ
••
Сіз шашыратқыш батырмасын (5) бірнеше рет басып
матаны ылғалдай аласыз.
••
Сауытта (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
••
Бумен үтіктеу кезінде де, құрғақ үтіктеу үшін де
кез келген температурада шашыратқыш түймесін (5)
пайдалануға рұқсат етіледі.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
••
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арналған. Егер
материал басқа түрлі (гофрленген, кедір-бұдырлы
және т.б.) болса, онда оны төменгі температурада
үтіктеген жөн.
••
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы бойынша
сұрыптап алыңыз: синтетиканы – синтетикаға, жүнді -
жүнге, мақтаны – мақтаға және т.с.с.
••
Үтіктің қызуы, оның салқындауына қарағанда
жылдамырақ.
Сондықтан
алдымен,
төмен
температурадағы киімдерді үтіктеп алған жөн
(мысалы, синтетикалық маталар). Содан кейін
анағұрлым жоғары температура кезіндегі үтіктеуге
көшіңіз (жібек, жүн). Мақта мен зығыр бұйымдарын
соңғы кезекте үтіктеңіз.
••
Егер матаның құрамына аралас талшықтар енсе,
онда ең төмен температураны белгілеу қажет
(мысалы, егер бұйым 60% полиэстерден және 40%
мақтадан құралса, онда оны полиэстерге сәйкес тем
пературада үтіктеу қажет «•»).
••
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз, онда
киімнің киген кезде көзге түсе қоймайтын жерін тауып
алыңыз да, тәжірибелік жолмен үтіктеу температру
асын таңдаңыз (үнемі ең төменгі температурадан
бастаңыз да, қалаған нәтижеге қол жеткізгенге дейін
оны көбейте беріңіз).
••
Вельветті және басқа да түгі тез түсетін маталарды
қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің бағытына қарай)
сәл батыңқырап үтіктеу керек.
••
Синтетикалық және жібек маталарда түгі түскен
дақтардың пайда болуына жол бермеу үшін оларды
астары жағынан үтіктеген жөн.
«All Textile» бағдарламасы
Бұл бағдарлама үтіктеуге болатын барлық маталарға
сәйкес
келетін
температураны
белгілейді
және
дұрыс емес температураны таңдау арқылы киімнің
зақымдалуын болдырмайды. «All textile» бағдарламасы
үтіктеуге болмайтын маталарға арналмаған.
Толық ақпаратты киім күтіміне арналған жапсырмадан
қараңыз.
••
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
••
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа
салыңыз.
••
Тұрақты бу беру реттегішін (3)
– бу беру
сөндірілген күйіне белгілеңіз.
••
Үтікті қосу үшін басқару түймесін (11) басып ұстап
тұрыңыз.
••
Басқару түймесін (11) ретімен басып, қажетті
үтіктеу температурасын «МАХ», «•••», «••», «•», «all
Textile» (матаның түріне байланысты) орнатыңыз.
Бұл жағдайда температура индикаторы (16) және
қыздыру индикаторы (7) бір уақытта жыпылықтай
бастайды.
••
Үтік табанының температурасы (13) белгіленген
деңгейге жеткенде, индикатор (7) сөніп, температу
раны таңдау индикаторы (16) үнемі жанып тұрғанда,
үтіктеуді бастауға болады.
••
Үтікті қолданғаннан кейін өшіру үшін басқару түймесін
(11) басып ұстап тұрыңыз.
••
Желілік баусымның ашасын электр ашалығынан
суырыңыз және оның толық салқындауын күтіңіз.
••
Үтікті қосу үшін басқару түймесін (11) басып ұстап
тұрыңыз.
••
Режимді таңдау үшін (16) индикаторында тиісті
режимнің жарықдиодты индикаторы «all Textile»
жанғанша басқару түймесін (11) ретімен басыңызна.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бумен үтіктеу кезінде «•••» немесе «МАХ» үтіктеу тем
пературасын орнату керек, «МАХ» орнату ұсынылады.
16