Текст страницы
ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Бу берудің 3 жылдамдығы.
Ылғалдандырғыш қақпақшасын шешпей суды жоғарыдан құю.
LED дисплей.
Сенсорлық басқару.
Автоматты сөндірілу таймері 8 сағатқа дейін.
Су жетіспеген кезде аспаптың автоматты түрде сөндірілуі. Су бачогының көлемі
ылғалдандырғыштың жеткілікті ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер Сіз
бачоктағы су бітіп қалғанын байқамай қалсаңыз, аспап автоматты түрде сөнеді.
Үздіксіз жұмыс 35 сағатқа дейін.
Өнімділік 350 мл/сағ дейін.
Суға арналған ыдыстың көлемі 4,5 л.
Қызмет көрсету алаңы 45 ш. м дейін
Ылғалдылық пен температураның индикациясы.
Электрондық гигрометр.
Ылғалдылық деңгейін автоматты түрде сақтау.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ
Салыстырмалы ылғалдылық деген түсінік не - бұл ауадағы су буының осы
температурада ауа ұстап тұруы мүмкін болатын судың максималды мөлшерінің
пайызымен көрсетілетін мөлшері.
Әдетте оны % RH деп белгілейді, мысалы, 45% (RH). Атмосфералық ауада үнемі су буы
бар, оның пайызы метеорологиялық жағдайларға байланысты.
Температура неғұрлым жоғары болса, ауа құрамында соғұрлым көп су буы бар болады.
Осылайша, біз «салыстырмалы ылғалдылық» ұғымын пайдаланамыз. Суық ауа қыс
мезгілінде
қолайлы
температураға
дейін
жылығанда,
ауадағы
су
буының
салыстырмалы
үлесі
төмендейді,
бұл
ауаның
салыстырмалы
ылғалдылығының
төмендеуін білдіреді. Үй жағдайларында жайлы және сау қоршаған ортаны сақтау үшін
ауадағы судың немесе су буының құрамын жасанды түрде арттыру керек, бұл ауаны
ылғалдандыру дегеніміз.
53