Текст страницы
26
KZ
• Вафли немесе чуррос пісіруге арналған жұмыс
беттерін (8 немесе 9) орнатыңыз.
Ескертпе: испан десертін дайындау әдісі - чуррос,
рецепттер кітабынан қараңыз.
• • Қуаттандыру бауының ашасын электр розетка-
сына салыңыз, бұл кезде индикатор (4) жанады.
Ескертпе: вафли пісіруге арналған ыдыс жұмыс
істеп тұрған кезде индикатор (4) мезгіл-мезгіл
қосылып, сөніп тұрады, бұл термостаттың жұмысын
білдіреді.
• Құрылғыны бірінші рет қолданар алдында жұмыс
беттерін (8 немесе 9) аздап өсімдік майымен
майлау ұсынылады.
• Вафли пісіруге арналған ыдысты жабыңыз (сур. 5)
және қуат сымының ашасын электр розеткасына
салыңыз, осы ретте индикатор (4) жанады.
• Индикатор (4) сөнген кезде, қуат сымының
ашасын электр розеткасынан суырып алыңыз да,
вафли пісіруге арналған ыдыс толығымен салқын-
дағанша күтіңіз.
• Тұтқасынан (1) ұстаңыз, бекітпені (2) кө-
теріңкіреңіз және вафли пісіруге арналған ыдысты
ашыңыз (сур. 1) қағаз майлықпен немесе таза
шүберекпен өсімдік майының қалдықтарын жұмыс
беттерінен (8 немесе 9) кетіріңіз.
Ескертпе:
-
құралды алғаш рет қосқан кезде аздаған түтін
мен бөтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс және кепілдік жағдайы болып табыл-
майды;
-
бөтен иіс бірінші пісірілген вафлидің дәмін
өзгертуі мүмкін, сондықтан бірінші пісірген
вафлиді жемеген дұрыс.
ВАФЛИ ПІСІРУ
Қамырды дайындаңыз.
• Индикатор (4) жанып сөнгенде, тұтқасынан
(1) ұстаңыз, бекітпені (2) көтеріңкіреңіз, вафли
пісіруге арналған ыдысты (сур. 1) ашыңыз, вафли
пісіретін төменгі жұмыс бетіне (8) аз мөлшерде
қамыр құйыңыз.
• Жұмыс беттерін (8) бекіткіш іске қосылғанша (2)
қысыңыз.
• Вафлиді 5-7 минут пісіріңіз (вафлиді пісіру уақыты
әзірленген қамырдың рецептіне байланысты және
тәжірибелі түрде таңдалады).
• Вафли дайындаудан кейін вафли пісіруге ар-
налған ыдысты ашыңыз, вафлиді пластмассалы
немесе ағаш қалақпен шығарып алыңыз. Жұмыс
беттерінің (8) жабынына зақым келтірмеу үшін
металл заттарды, пышақты, шанышқыны және т.б.
пайдаланбаңыз.
• Вафлиді пісіруді жалғастыру үшін қамырдың тағы
бір үлесін дереу жұмыс беттеріне (8) құйыңыз.
• Вафли пісіруге арналған ыдысты дұрыс орна-
тыңыз.